Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Қоғам Басқарма төрағасының 2023 жылғы 24 қазандағы №135 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, а.ж. 01 қаңтар - 01 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарлайды.
Ішкі талдау нысаны: «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ
Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2023 жылғы 01 қаңтардан бастап - 2023 жылғы 31 сәуірге дейін.
Ішкі талдаудың негізгі бағыттары:
1) Қоғамның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Қоғамның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмысты басқаруға, үйлестіруге және ұйымдастыруға жауапты - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысынын міндетін атқарушы Джаланов Шухрат Адильжанович (байланыс тел.: 225-18-91 (ішкі 530).