Халықтың сұранысы жоғары кезеңде қант бағасын тұрақтандыру үшін Алматы ӘКК мен «КаИс Инвест» ЖШС арасында 2023 жылғы 3 шілдеде қант жеткізу және жауапкершілікпен сақтау шарты жасалды.
Қант Алматының барлық сауда желілерінде сатылады. Қант өндірушінің босату бағасы 380 тг/кг-нан аспайды.
«КаИс Инвест» ЖШС - өз қызметін Қазақстан нарығында 10 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асыратын ірі көтерме жеткізуші. Кәсіпорында бүкіл ел бойынша бакалея өнімдерінің кең ассортименті бар.
Анықтама: сөредегі бөлшек сауда бағасы зауыттың босату бағасына 10% -дан аспайтын сауда үстемесін ескере отырып белгіленеді.