Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтерін («ЭДР») шетелдік және ұлттық валютада «Тұрақты» деген болжаммен «BBB-» деңгейінде растады.
Негізгі өңірлік даму институты болып табылатын Алматы ӘКК-нің маңызды қоғамдық миссиясын, назарға ала отырып, Fitch агенттігінің талдаушылары Алматы ӘКК-ға «BBB-» деңгейінде рейтинг берді.
Рейтингтік агенттіктің ресми сайтында ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Алматы ӘКК әлеуметтік жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және ынталандыру, ескі тұрғын үйлерді жаңарту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін орнықты бизнес-құрылым болып табылады.
Компанияның қызметін талдай отырып, Алматы қаласының әкімдігі корпорацияның жалғыз акционері болып табылатындықтан Fitch Алматы ӘКК мемлекетпен байланысты компанияларды рейтингілеу әдіснамасы негізінде бағалайды.
Қазіргі уақытта, Алматы ӘКК-нің 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасының тұжырымдамасы шеңберінде корпорация бизнесті қолдайтын, қаланың басым әлеуметтік-маңызды және инвестициялық жобаларын іске асыратын қаланы дамытудың негізгі институты болуға ұмтылуда.
«BBB-» рейтингі – бұл қанағаттанарлық кредиттік қабілеттілігін, қазіргі уақытта кредиттік тәуекелдер бойынша төмен күтулерді, қаржылық міндеттемелерді уақтылы өтеудің оң қабілетін білдіретін инвестициялық санат.