Кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев Wildberries негізін қалаушы Татьяна Бакальчукпен логистикалық орталықтың құрылысын талқылады. Оның құрылысына халықаралық маркетплейс шамамен 100 миллион АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр.
⠀
«Алматы бүгінде Орталық Азия өңірінде көптеген халықаралық ұйым үшін хаб болып табылады. Сол себепті бұл жергілікті және шетелдік инвестор үшін де бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауға қосымша мүмкіндік», - деп атап өтті әкім Ерболат Досаев.
⠀
Жоба аясында мегаполис кәсіпкерлеріне интернет арқылы сату нарығында бизнесін кеңейтуге жәрдемдесу күтіледі. Татьяна Бакальчук атап өткендей, логистикалық орталықтың құрылысы қазақстандық өндірушілер үшін Wildberries-пен айналысатын барлық өңірдегі нарыққа автоматты түрде жол ашады. Алаңда қазақстандық өндірушілердің өнімдері ұсынылған және жақын арада ассортимент көбейеді.
⠀
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.