29 декабря, 2022

2022 жылы Алматының Индустриалды аймағында 6 жоба іске қосылды

Жобалардың жалпы сомасы 9 млрд теңгені құрады. Бұл деректерді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде айтты. Оның айтуынша, қалада шағын және орта индустриялық кәсіпорындарға арналған өнеркәсіптік парктер белсенді дамуда.

Шағын өнеркәсіп парктерінің аумақтарында өндірістерді дамытуды ынталандыру мақсатында жаңа жеңілдікті кредиттік өнім - өнеркәсіптік ипотека енгізілді. Бұл өнім заемды қамтамасыз ету ретінде сатып алынған алаңдарды пайдалануға мүмкіндік береді, бұл кәсіпкерлерге деген кепіл жүктемесін айтарлықтай төмендетеді.

Сонымен қатар, биыл инвестиция көлемі 1,4 млрд теңгені құрайтын және 220 жұмыс орнын ашатын үш шағын өнеркәсіптік парк іске қосылды.

Индустриялық аймақтың ІІ кезеңін дамыту шеңберінде оның аумағын 189 жылға дейін 2025 гектарға кеңейту жоспарлануда. 2023 жылы 41,7 млрд теңгеге 15 индустриялық жобаны жүзеге асыру, 5 өнеркәсіптік паркті іске қосу жоспарланған.

crossmenu