13 июля, 2022

Almaty "ШҚҰ" креативті индустрия саласындағы ШОБ субъектілерін қаржыландыруды жүзеге асырады

Креативті индустрия саласындағы кәсіпкерлер "креативті экономика"шағын несие арнайы бағдарламасы бойынша кредит ала алады.

Креативті салаға IT-сектор, онлайн сауда, қолөнер қызметі, жарнама өндіру жөніндегі қызмет, киноиндустрия, анимация, медиа, дыбыс жазу студиялары, дизайн, сәулет, "event" оқиғаларын ұйымдастыру, қазіргі заманғы өнер және басқалар жатады.

Несиелеу шарттары:

  • Несиелеу лимиті - 20 000 МРП дейін
  • Мақсаты - инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру
  • Сыйақы мөлшерлемесі - барлығы үшін жылдық 6% және қала халқының осал топтары үшін жылдық 2%
  • Мерзімі - Инвестициялар 7 жылдан бастап, айналым қаражатын толықтыру 3 жылдан бастап
  • Кепілдікті қамтамасыз ету - Алматы ӘКК ішінара кепілдігі, жылжымалы / жылжымайтын мүлік, жоба бастамашысының міндеттемелерін орындаудың жеке кепілдігі

Шарттар мен өтінімдер туралы толығырақ ақпарат алу үшін төмендегі байланыс нөміріне хабарласыңыз:

2810 - бірыңғай байланыс орталығы

crossmenu