Алматы қ. кабельдік кәрізді пайдалану және қызмет көрсету

Бірыңғай байланыс орталығы

+7 727 225 18 91 (ішкі .562)


Мекенжай

Байзақов көшесі, 303

e-Mail

seti.svyazi@spkalmaty.kz

Сайт

spkalmaty.kz

Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 4/724 қаулысына сәйкес, «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация «Алматы» АҚ қаланың кабельдік канализация нысандарын пайдалану және қызмет көрсетуге жауапты ұйым болып белгіленді. Бұған дейін бұл функцияларды ӘКК-нің еншілес ұйымы – «ALMATY RENOVATION» ЖШС (бұрынғы «Алматы қаласы әкімдігі Құрылыстың капиталдық кәсіпорны» ЖШС) орындаған.

Берілген өкілеттіктер аясында «Алматы» ӘКК АҚ Инфрақұрылымдық жобалар департаменті келесі ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешенін іске асыруға кірісті:

  • байланыс операторлары мен кабельдік канализацияны пайдаланушылармен өзара іс-қимыл;
  • бюджет қаражаты есебінен салынған (соның ішінде кеңестік кезеңде салынған) кабельдік канализация нысандарын — бұрын салынған және жаңадан енгізілетін (метрополитен, жастар тұрғын үй кешені (МЖК), жол инфрақұрылымының кабельдік канализациясы сияқты) желілерді жоспарлы түрде балансқа қабылдау;
  • кабельдік канализация нысандарының бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және жүргізу.

Мегаполистің кабельдік канализация инфрақұрылымының жаңа жобаларына ӘКК-нің қатысуы

Қаланың инженерлік инфрақұрылымын басқаруда жүйелі және бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында «Алматы» ӘКК бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын кабельдік канализация желілерін салу, реконструкциялау және көшіру бойынша техникалық шешімдерді және жобаларды іске асыруға жәрдемдесетін болады.

Сонымен қатар, Қоғам мемлекеттік органдармен және олардың ведомстволық ұйымдарымен келесі мәселелер бойынша өзара әрекет жасайды:

  • олардың теңгерімінде тұрған және бюджет қаражаты есебінен салынған кабельдік канализация желілерін есепке алу және оларды ӘКК теңгеріміне беру мүмкіндіктерін қарастыру;
  • қалалық желілердің өзекті тізілімін қалыптастыру үшін ақпарат алмасу;

Аталған шараларды іске асыру кабельдік инфрақұрылымды тиімді пайдалануды арттыруға, желілерді басқарудың ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 8 мамырдағы № 842 «Экономиканы либерализациялау шаралары туралы» Жарлығын орындау шеңберінде байланыс операторлары үшін кабельдік канализацияға тең және ашық қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Байланыс үшін:

«Алматы» ӘКК АҚ Инфрақұрылымдық жобалар департаменті

E-mail: seti.svyazi@spkalmaty.kz

crossmenu