Алматы ӘКК қызметінің басым бағыты әлеуметтік жобаларды қолдау болып табылады. Сондай жобалардың бірі «Ән-Ниса» Мүгедектер Қоғамдық Бірлестігінің ашылуы болды. Орталық қарқынды дамып келе жатқандықтан және оларға жүгінетін ерекше балалар көбейіп келе жатқандықтан, Алматы ӘКК қосымша филиалға үй-жай беру арқылы көмек көрсетті.
«Ан-Ниса» – көру қабілеті бұзылған балаларға тегін кешенді даму бағдарламалары мен инклюзивті білім беру, әлеуметтік, психологиялық және медициналық көмек көрсету орталығы.
Қазір Алматыдағы «Ән-Ниса» орталығында көру қабілеті бұзылған 45 бала есепте тұр. Сондай-ақ, педагогикалық ұжымның 80 пайызы 1-топтағы көру қабілетінен айырылғандар.
«Біз барлық қызметтерімізді тегін көрсетеміз және «Ән-Ниса» орталығының болашақта бұдан да көп балаларды қабылдай алатынын қалаймыз», - дейді «Ан-Ниса» басшысы Сандуғаш Әділғазинқызы Баширова.