2 июня, 2022

Hyundai Қазақстанда автокөлік өндірісін екі есеге арттырады

Алматы индустриялық аймағында орналасқан Hyundai Trans Kazakhstan автомобиль зауыты автомобиль жеткізілімін ұлғайтып, жаңа модельдер өндірісін бастайды.

"Бір айдан кейін Hyundai Trans Kazakhstan автомобиль зауыты нарыққа екі есе көп жеңіл автокөлік жеткізе бастайды. Бұл жыл соңына дейін тағы 25 мың бірлік жаңа Hyundai, оның 20 мыңы жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының шарттарына сай келеді", - деп хабарлады Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюциясының директоры Денис Коломацкий.

Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюциясының директоры Денис Коломацкий

Көп автомобиль шығару мүмкіндігі "Астана Моторс" (Қазақстан) еншілес компаниясы Hyundai Motor Company (Оңтүстік Корея) компаниясымен сәтті келіссөз жүргізгеннен кейін пайда болды.

Әлемдік автоөнеркәсіптегі дағдарысқа қарамастан, қазақстандық компания құрауыштарды жеткізуді ұлғайту туралы уағдаласып, жаңа бағыттар таба алды.

"Hyundai Trans Kazakhstan зауыты 2020 жылы іске қосылды. Биыл ол толық өндірістік қуаттылыққа шығады. 2021 жылы зауыт айына 2 мыңға жуық автомобиль шығарды. Ағымдағы жылдың басынан бастап осы уақытқа дейін біз қазақстандық нарыққа 9 мыңнан астам автомобиль қойдық. Мамыр айына жоспар – 2 мыңнан астам бірлік, маусымға – шамамен 3 мың бірлік, және шілде айынан бастап Hyundai Trans Kazakhstan Қазақстан үшін ай сайын 4 мың машинадан өндіретін болады", – деп түсіндірді Денис Коломацкий.

Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автомобильдер шығаратын зауыт Алматы индустриялық аймағының 15 гектар жерінде орналасқан. Бүгінгі таңда кәсіпорында Hyundai жетекші халықаралық брендінің 7 моделі жиналады: Accent, Elantra, Sonata, Creta, Tucson, Santa Fe, Palisade.

crossmenu