Тамыз 21, 2020

Алматы ӘКК Басқармасының төрағасы Алматыда азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбына онлайн-брифинг өткізді

20 тамызда Алматы қ. азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбына онлайн-брифинг өткізілді, мұнда Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова мен Алматы ӘКК Басқармасының төрағасы Асқар Білісбеков баяндама жасады.

Брифингте Асқар Білісбеков Алматы ӘКК-нің қаланың азық-түлік қауіпсіздігіне қалай қатысатыны және біздің нәтижелеріміз туралы айтып берді:
«Ірі сауда желілерімен несие шарттарына сәйкес кесімді баға сәуір-шілде кезеңінде бағалардың төмендеуіне елеулі әсер етті: 11 позицияның ішінде 9-да бағаларды тежеуге және 6 позиция бойынша - бағаны төмендетуге қол жеткізілді, оның ішінде: тауық етіне, құмшекерге, күнбағыс майына, сүтке, сүзбеге, түтік кеспеге, күрішке және 1-сұрыпты ұнға».

Алматы ӘКК Өңірлік тұрақтандыру қорының операторы болып табылады және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеумен айналысады.

crossmenu