Жеке кабинет
Маусым 8, 2023

Алматы ӘКК сауда павильонын беру бойынша аукцион өткізді

Алматы ӘКК Панфилов көшесіндегі, Қазыбек би және Төле би көшелерінің арасында орналасқан сауда павильонын жалға беру бойынша сауда-саттық өткізді.

Сауда-саттыққа қатысуға 4 қатысушы жіберілді: «Red dragon Almaty» ЖШС, «Gelato» ЖК, «El-Diko» ЖШС және «Қасқарау LTD» ЖШС.

Аукцион ағылшын әдісі бойынша өткізілді, бастапқы бағасы 200 000 теңге. Көтерудің әрбір қадамы 20 000 теңгені немесе бастапқы бағаның 10% -ын құрады.

Аукцион жеңімпазы болып лот бойынша ұсынылған ең жоғары бағаны бекіткен «Gelato» ЖК танылды. Шартқа сәйкес, павильон 1 жыл мерзімге жалға беріледі.

crossmenu