Жеке кабинет
Наурыз 1, 2023

Алматы қаласының кәсіпкерлігін қолдау жолдары бойынша Наурызбай ауданының кәсіпкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Кездесуде Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері, Алматы ӘКК еншілес компаниялары: МҚҰ Almaty, Almaty Finance, Алматы Индустриялық аймағы , сондай-ақ «Qoldaý» Кәсіпкерлік орталығы, Атамекен ҰКП  және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қатысушыларға қаржылық және инфрақұрылымдық қолдаудың қазіргі таңдағы мүмкіндіктері туралы айтып, кәсіпкерлерді толғандырған сұрақтарға нақты жауап берді.

Мұндай кездесулер, оның ішінде онлайн-форматта жақын арада қаланың барлық аудандарында өтеді. Іс-шаралар «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны» және «Almaty Business - 2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізіледі

crossmenu