9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен сенбілікке «Алматы» ӘКК және оның еншілес ұйымдары, «КҚК», «Almaty Finance» және «MFO «Almaty» қызметкерлері қатысты.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы біздің ортақ үйіміз» акциясына арналған табиғатты қорғау іс-шарасы аясында қызметкерлер қаланың Алмалы ауданындағы Амангелді көшесінде (Төле би көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін) санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне құрметпен қараудың және туған жерге деген қамқорлықтың көрінісі.