Алматыда апта сайын демалыс күнгі жәрмеңкелерде 700 тоннаға жуық азық-түлік тауарлары сатылады. Оның ішінде: 340 тоннадан астамы — ет және ет өнімдері, 280 тоннаға жуығы — көкөністер мен жемістер, 40 тоннадан астамы — сүт өнімдері, 40 тоннаға жуығы — азық-түлік және тұздалған өнімдер. Күздің басталысымен жәрмеңкелерде Алматы мен Алматы облысы фермерлерінің жаңа жиналған өнімі ұсынылды.
Жәрмеңке ұйымдастырушысы «Алматы» ӘКК болып табылады. Жыл басынан бері қалада 316 жәрмеңке өтті, онда 330-дан астам фермер 1000-нан астам тауар сатады. Өнім тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен және өңдеуші кәсіпорындардан делдалдарсыз келеді, бұл бағаны нарықтық бағадан төмен ұстауға мүмкіндік береді.
Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қаланың келесі аудандарында өткізіледі:
• Алмалы ауданы — Масанчи к-сі, Гоголь к-сі мен Әйтеке би к-сі арасында;
• Бостандық ауданы — Қазақфильм ш/а, Исиналиев көшесі;
• Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі, Абай даңғылынан төмен;
• Медеу ауданы — Меңдіқұлов бульвары, Бектұров көшесінің қиылысы;
• Жетісу ауданы — Құлагер ш/а, Серіков көшесі, 2.
Жәрмеңкелерге апта сайын 30 мыңнан астам адам келеді.
Демалыс күнгі жәрмеңкелерден басқа, жаңа жиналған өнімдер қаланың сауда желілерінің сөрелерінде де қол жетімді бағамен ұсынылған.
«Береке Fest» республикалық акциясы аясында сауда желілері қазақстандық өндірушілер үшін арнайы аймақтар бөледі, бұл өнімді нарықтық бағадан төмен бағамен сатуға, ішкі өндірісті қолдауға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға ықпал етуге мүмкіндік береді.
Бұдан бұрын «Береке Fest» акциясы аясында Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Алматы» ӘКК және Magnum, Small мен Toimart сауда желілері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Келісімдер супермаркеттердегі сауда үстемесін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық позицияларына 10%-ға дейін төмендетуді көздейді.