Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Алматының азық-түлік қауіпсіздігі департаменті жүзеге асыратын ӘКК-нің басты бағыттарының бірі.
Негізгі бағыттары:
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру
Өңірлік тұрақтандыру қорын сатып алу және қалыптастыру бойынша жұмыс
ӘМАТ іске асыру үшін сауда желілерімен ынтымақтастық
Қаланың барлық аудандарында «демалыс күндері» жәрмеңкелер ұйымдастыру
Сауда павильондарының қызметін реттеу
Предоставление ресурсов (объекты и земельные участки)
Кәсіпкерлерге арналған құралдар:
Кәсіпкерлік субъектілеріне шарт жасасу арқылы қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарымен қарыз беру.
Тұрақтандыру қоры – Алматы қаласының аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған азық-түлік тауарларының жедел қоры.
«Демалыс күнгі» жәрмеңкелер – жергілікті тауар өндірушілері мен фермерлердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуы бойынша Алматыдағы апта сайынғы уақытша сауда алаңдары.
Сауда павильондары – әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және белгілі бір өнім түрлерін орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатуға баса назар аударылатын тауарларды бөлшек саудада өткізуге арналған алаңдар.
Жасалған келісім-шарттар шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өзекті бағаларымен www.almatyazyk.kz сайтында танысуға болады
2024 жылы Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның 5 отырысы өткізілді:
2024 жылғы 19 сәуіріндегі №1 хаттама
2024 жылғы 21 мамырдағы №2 хаттама
2024 жылғы 24 маусымдағы №3 хаттама
2024 жылғы 29 тамыздағы №4 хаттама
2024 жылғы 20 желтоқсандағы №5 хаттама
2024 жылдың басынан бастап «Алматы» ӘКК» АҚ мен кәсіпкерлік субъектілері арасында келесідей келісім-шарттары жасалды: