Туған жылы: 1980 жылы 22 сәуірде
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
2024 жылдың сәуір айынан бастап "Алматы" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторындағы жалпы жұмыс өтілі - 20 жылдан астам.
Кәсіби қызметін 2002 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде бастады.
Әр жылдары банк секторында, телекоммуникация саласында, ҚР Қаржы министрлігінде, Денсаулық сақтау министрлігінде, Ұлттық экономика министрлігінде еңбек етті.
7 жыл бойы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК басқарды.
2022 жылдың аяғынан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін жеке компанияның басшысы болды.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
"Құқықтану" ("Заңгер" біліктілігі) және "Қаржы" ("Экономист" біліктілігі) мамандықтары бойынша Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ бітірген. Потсдам университетінде (Германия) біліктілікті арттыру курстарынан өтті. MBA дәрежесіне ие, AlmaU университеті.