Ескі тұрғын үйді реновациялау          

2024 жылғы 29 қарашада Алматы қаласының мәслихаты «Алматы қаласында тұрғын үйді 2030 жылға дейін жаңарту бағдарламасын» қабылдады, оның мақсаты қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту, қалалық ортаны жаңарту және авариялық тұрғын үй қорының ұлғаюына жол бермеу болып табылады.

Бағдарлама әкімшісі болып "Алматы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ (ӘКК), ал Уәкілетті ұйым болып "Almaty Renovation" ЖШС (бұрын – "Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны") тағайындалды.

Бағдарлама 1930-1980 жылдар аралығында салынған екі қабатқа дейінгі тозығы жеткен көппәтерлі үйлерді, сондай-ақ аумақ пен инфрақұрылымды жаңартуды талап ететін жеке тұрғын үйлерді, өнеркәсіптік, коммерциялық және өзге де объектілерді қамтиды. Оны іске асыру құрылыс салудың тығыздығын, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін, сондай-ақ қауіпсіздік пен эстетиканың қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, тұрғын аумақтарды дамытуды көздейтін Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Жаңа бағдарламаның басты ерекшеліктерінің бірі тұрғын үй иелерінің құқықтарын қорғау тетіктерін енгізу, сондай-ақ тұрғындармен және жұртшылықпен өзара іс-қимылды жақсарту болды.

Жаңарту бағдарламасының объектілерінің санаттары

 Инвестициялық тартымсыз (1-санат):

Қызыл сызықтарда орналасқан немесе инженерлік инфрақұрылымды, әлеуметтік немесе өзге де объектілерді салуға арналған объектілер.

Мұндай ғимараттарды сатып алуды және бұзуды жер заңнамасының нормаларына сәйкес қала әкімдігі жүргізеді.

Инвестициялық тартымсыз (2-санат):

Қала үшін басымдыққа ие тұрғын, әлеуметтік және коммерциялық ғимараттар салуға арналған объектілер.

Тұрғындарды көшіру және учаскелерді босатуды КҚК қамтамасыз етеді, инвесторларға жерді нарықтық құны бойынша сату көзделіп отыр.

Инвестициялық тартымсыз (3-санат):

Кешенді жаңартуды қажет ететін кварталдар, полиорталықтар немесе өнеркәсіптік аумақтар шегінде орналасқан объектілер.

Тұрғындарды көшіру және мұндай объектілерді бұзуды инвесторлар қаржыландырылатын болады.

Өтемақының нұсқалары

Айырбастау шарты:

1. Тұрғындар санына қарамастан, «бөлмеге бөлме» қағидаты бойынша ескі тұрғын үйді жаңасына айырбастау.

2. Меншікке беру шарты:
Баламалы тұрғын үй жаңа үй тапсырылғаннан кейін беріледі. Бұған дейін тұрғындар уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі.

3. Сатып алу-сату шарты:
Тәуелсіз бағалау компаниясы анықтаған нарықтық құны бойынша тұрғын үйді сатып алу.


Ғимараттарды көшіру және бұзу шарттары

1. Ғимараттарды көшіру және бұзу тек барлық меншік иелерінің келісімімен жүзеге асырылады.

2. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін бірінші қабаттарға немесе лифттермен, пандустармен және кедергісіз кіру мүмкіндігімен жабдықталған ғимараттарға көшу үшін жағдайлар қарастырылған.

3. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тектоникалық бұзылыстарда орналасқан қамыс қаңқалы үйлер мен ғимараттарды бұзуға ерекше назар аударылуда.

2030 жылға дейін кем дегенде 676 ескі үйді жаңарту жоспарлануда, бұл 7500-ге жуық меншік иесін заманауи жайлы пәтерлерге көшіруге мүмкіндік береді.

crossmenu