Fitch Ratings Алматы ӘКК-ға шетелдік және ұлттық валютадағы «BBB-» эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін ("ЭДР") берді. Болжамы – «Тұрақты».
Fitch агенттігінің рейтингі – бұл тәуекел факторларын бағалауға негізделген борыш міндеттемелерге қатысты жалпы кредит қабілеттілігі жөніндегі сараптамалық пікір. Алматы ӘКК-ға берілген «BBB-» рейтингі жақсы кредит қабілеттілігін, қазіргі уақытта кредит тәуекелдері бойынша болжалдары төмен екендігін, ал қаржы міндеттемелерді уақтылы өтеу қабілеті барабар деп бағаланатындығын білдіреді. «BBB-» рейтингі инвестициялық санатқа жатады.
Алматы ӘКК қаладағы ең ірі даму институты болып табылады, ол әлеуметтік жобаларды, шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асырады, ірі қалалық бастамаларға инвестициялар тартады, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Алматы ӘКК – Алматы қаласының жергілікті басқару органдарымен байланысты компания болып табылады (Алматы рейтингі «BBB»/болжамы «Тұрақты»). Ол қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуіне және дамуына ықпал ететін қаланың агенті ретінде әрекет етеді. Fitch Компанияның Алматы қаласымен, оның 100 пайыз меншік иесімен күшті байланыстарын және компанияның қалалық даму институты ретіндегі маңызды мемлекеттік миссиясын ескере отырып, мемлекетпен байланысты компаниялардың рейтингісі әдіснамасы негізінде Алматы ӘКК рейтингісін жасайды.
Fitch агенттігінің пікірі бойынша, Алматы қаласының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін жақында қабылданған даму стратегиясын және заңды тұлға мәртебесіне ие болғанын ескере отырып, компанияның қаланың әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөлі күшеюде.
Алматы ӘКК қаржыландыруды тарту мақсатында Ашық борыш нарығына шығуды жоспарлап отыр. Бұл даму кезеңі ӘКК Директорлар Кеңесі бекіткен Даму стратегиясына сәйкес компания өзінің коммерциялық қызметін дербес дамытуға және сол арқылы әлдеқайда үлкен мүмкіншіліктерді қамтуға, сондай-ақ қызметтің стратегиялық маңызды бағыттарын іске асыру үшін жаңа серпін беру мақсатында қала бюджетіне тәуелділікті азайтуға ұмтылатынын көрсетеді.
Алматы ӘКК-ға «BBB-» рейтингін берудің толық талдауы https://www.fitchratings.com/research/ru/international-public-finance/fitch-rates-jsc-social-entrepreneurial-corporation-almaty-at-bbb-outlook-stable-19-11-2020 сілтеме бойынша қолжетімді.
БАҚ үшін қосымша ақпарат:
Арайлым Токушева, +7 778 905 66 59, media@spkalmaty.kz