19 тамызда Өзбекстанның Алматыдағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен «BMB Trade Group» компаниялар тобы басшылығының «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Prime Capital Holding» тобын, «MCC Trade Company» компаниясын, «Magnum», «Small», «Metro» сауда желілерін және басқаларды ұсынатын қазақстандық бизнесмендермен В2В онлайн-кездесуі өткізілді.
Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязходжаев сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика салаларында екіжақты ынтымақтастық жасаудың басым бағыттарын, сондай-ақ «BMB Trade Group» компаниясының қазақстандық нарыққа ену мақсаттарын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұсыныстар мен көзделген жоспарларды іске асыру үшін тікелей байланыс орнатуға келісті. Жемісті ынтымақтастық болады деп үміттенеміз!