S&P Global халықаралық рейтингтік агенттігі S&P Global Corporate Sustainability Assessment (S&P CSA) орнықты даму бөлінісінде компаниялардың қызметін жыл сайынғы бағалау шеңберінде «Алматы» ӘКК-на 2024 жылы «20» деңгейінде баға берді, бұл өткен жылдың нәтижесінен екі есе артық.
«Алматы» ӘКК басқарушылық және экономикалық аспектілер бойынша 22 балл (Governance & Economic), әлеуметтік аспекті бойынша 20 балл (Social) және экологиялық аспекті бойынша 18 балл (Environmental) алды.
««Алматы» ӘКК қызметіне ESG қағидаттарын енгізу - корпорацияның 2023-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының KPI бірі болып табылады. Біз бүгінгі таңда ESG кез келген компанияны дамытудың маңызды және ажырамас бөлігі болып табылатынын түсінеміз, өйткені бұл тәуекелдерді анықтауға және басқаруға, компанияның әлеуметтік жауапкершілігі мен ұзақ мерзімді тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ капиталға қол жеткізуге көмектеседі», - деп атап өтті «Алматы» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Зоя Касенова.
2024 жылы «Алматы» ӘКК және оның еншілес ұйымдары бірқатар ESG-бағдарланған жобаларды іске асырды. Мәселен, «Алматы» ӘКК 28 әлеуметтік кәсіпкерге жеңілдікті шарттармен үй-жайды жалға береді. Бизнесті инфрақұрылымдық қолдау шеңберінде «Алматы индустриялық аймағы» аумағында («Алматы» ӘКК еншілес компаниясы) еліміздегі алғашқы литий-ионды батареяларды қайта өңдеу цехы іске қосылды. Бұдан басқа, «Алматы» ӘКК құрылымына кіретін «Almaty Finance» кредиттік ұйымы белсенді дамып келе жатқан Алматы Наурызбай ауданында 420 оқу орнына арналған жеке жалпы білім беретін мектептің құрылысын қаржыландырды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта «Алматы» ӘКК тұрақты даму саласындағы халықаралық рейтингке, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы тәуелсіз бағаға ие Қазақстанның жалғыз әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы болып қала береді.
Анықтама үшін:
«Алматы» ӘКК» АҚ - Өңірлік даму институты, мемлекет пен бизнес арасындағы көпір. Корпорация еншілес және тәуелді ұйымдармен бірлесіп Алматыда әлеуметтік және инвестициялық жобаларды іске асырады, жергілікті микро, шағын және орта бизнесті қаржыландырады, ескі тұрғын үйді жаңарту бағдарламасына жетекшілік етеді, индустриялық аймақты дамытады, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға қатысады.