26 августа, 2020

Нан бағасының өсуін тежеу бойынша шарт қыркүйек айының соңына дейін ұзартылды

Алматы ӘКК-інің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу бойынша серіктестерінің бірі «Ақсай» Нан-тоқаш комбинаты болып табылады.

2020 жылдың көктемінде Алматы ӘКК кесімді бағамен 1-сұрыпты ұннан қалыптық нан өндірісіне жеңілдікті несие берді:

- Ақсай фирмалық дүкендер желісінде 70 теңге

- А санатындағы сауда желілерінде 75 теңге

- В, С санатындағы дүкендерде (үй жанындағы дүкендер) 80 теңге.

Бағаны тежеу жөніндегі шарт 2020 жылғы қыркүйектің соңына дейін ұзартылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

crossmenu