Ақпан 16, 2021

Алматыда алты ірі азық-түлік базарында әлеуметтік дүкендер ашылды

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін белгіленген бағамен сату үшін әлеуметтік дүкендер ашылды.

Қаланың негізгі міндеттерінің бірі – қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру. Осы қызмет шеңберінде «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қаладағы алты ірі азық-түлік базарында әлеуметтік дүкендерді іске қосты.

Мекен-жайлары:

  • Жібек Жолы, 53 Жасыл базар
  • Тастақ, Төле би 266
  • Алматы -1, Шолохов 2д/1
  • Таусамалы, Тақсамалы – 1 көш
  • Жаңа Ақбұлақ, Розыбакиев 33/1
  • Сары Арқа, 4 – ауданы, 27 б

Әлеуметтік дүкендердегі азық-түлік бағасы нарықтағы орташа деңгейден 20-30% төмен. Бағалардың өзгеруін қаланың тамақ қауіпсіздігінің www.almatyazyk.kzсайтынан бақылауға болады.

2021 жылғы 16 ақпаннан 2 наурызға дейінгі кезеңге бекітілген бағалар

Өнімнің атауы Бағасы (тг/кг/л)
1 Картоп 150
2 Сәбіз 145
3 Жуа 85
4 Орамжапырақ 75
5 Қант 249
6 Қарақұмық жармасы 349
7 Күнбағыс майы (Майзауыты №1) 655
Күнбағыс майы (Мамыр) 573
8 Жылтыратылған күріш (Лидер, Камолино) 275
9 Салмақты рожки 199
10 Бидай ұны 1 сорт (Ақсарай 2 кг) 409

БАҚ үшін қосымша ақпарат:

Токушева Раяна (Арайлым) +7 778 905 66 59, a.tokusheva@spkalmaty.kz

crossmenu