27 августа, 2025

"Алматы" ӘКК-на 15 жыл

27 тамызда «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ 15 жасқа толды.Корпорация 2010 жылы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында құрылған.

Бүгінде «Алматы» ӘКК — бұл қаланың басым жобаларын іске асыру үшін мемлекет пен бизнесті біріктіретін мегаполисті дамытудың негізгі операторларының бірі.

Атаулы күнге орай "Алматы" ӘКК тарихындағы негізгі кезеңдерді ұсынамыз.

2010

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен «Алматы» ӘКК ұлттық компания ретінде құрылды. Корпорацияның қаланың стратегиялық даму институты ретіндегі рөлі белгіленді.
  • Компания әділет органдарында 2010 жылғы 27 тамызда тіркелген, акциялардың 100%-ы Алматы қаласының әкімдігіне бекітілген. Жарғылық капитал 1 миллиард теңгені құрады, бұл сыртқы қаржыландырусыз алғашқы жобаларға кірісуге мүмкіндік берді.

2011

  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін әлеуметтік павильондар мен қалалық жәрмеңкелер желісін іске қосу арқылы 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды.
  • Шамамен 30 000 тонна көкөніс сатып алуға фьючерстік келісімшарттар жасалды, бұл тұрақты жеткізілімді қамтамасыз етуге және бағаны ұстап тұруға мүмкіндік берді.
  • «Алматы» ӘКК қызметінің негізгі басымдықтары белгіленді: индустриялық аймақты іске қосу, жылыжай шаруашылықтарын дамыту, тұрақтандыру қорын қалыптастыру және т.б.

2012

  • Агроөнеркәсіптік секторды дамыту бағдарламасы аясында жалпы ауданы шамамен 0,5 га болатын 16 жылыжай пайдалануға берілді. Технологиялар оңтүстік кореялық серіктестерден алынды, өнімділігі 160 тоннаға жетті.
  • Жылыжай қуатын кеңейту бағдарламасы басталды: қосымша объектілердің құрылысына дайындық басталды.
  • Жылжымайтын мүлік объектілерін жөндеу жөніндегі комиссия құрылды. Басқару стратегияларын қайта қарауды қоса алғанда, еншілес кәсіпорындардың шығынды активтерін оңалту бойынша жүйелі жұмыс басталды.

2013

  • Тұрақтандыру қорын қалыптастыру жалғастырылды. Халықты азық-түлікке қолжетімді бағамен қамтамасыз ету үшін шамамен 25 000 тонна көкөніс өнімі сатып алынды.
  • Өнім әлеуметтік павильондар мен жәрмеңкелер желісі арқылы төмендетілген бағамен сатылды, бұл нарықтағы құнның 5-20%-ға төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.
  • Еншілес құрылымдар қайта құрылымдалды: «Алматы Азық» ЖШС, «Алматы Көмек» ЖШС, сондай-ақ технологиялық паркпен жұмыс.

2014

  • ҚР Үкіметі «Алматы» ӘКК-нің Даму стратегиясын бекітті. Құжат институтты дамытудың ұзақ мерзімді жол картасын әзірледі. Басым бағыттардың қатарында — ТКШ басқару, индустриялық аймақты дамыту, бизнесті қолдау, тұрақтандыру қоры бар.

 

  • «Алматы» ӘКК тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар тауарларды өзіндік құны бойынша — үстеме бағасыз қыс мезгілінде бағаны ұстап тұру үшін корпорацияға тиесілі 22 арнайы павильон арқылы сата бастады.

2015

  • Қала аумағында өндірістік инфрақұрылымды дамытуға жауапты «Алматы» ӘКК-нің еншілес құрылымы — «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС құрылды.
  • Индустриялық аймақ резиденттері үшін жалпы ауданы 270 гектардан асатын инвестициялық алаңдар пулы дайындалды.

2016

  • Индустриялық аймаққа жаңа резиденттерді тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жаңа қатысушылардың қатарында құрылыс материалдары, қайта өңдеу, логистика және тамақ өнеркәсібі салаларындағы кәсіпорындар бар.

 

  • Индустриялық аймақтың инженерлік инфрақұрылымын салу және жаңғырту жүргізілуде. Бөлінген бюджет қаражаты есебінен сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және кәріз желілері өткізіледі.
  • Индустриялық аймақпен бірлесіп резиденттерге рұқсат алуға, коммуникациялар өткізуге және өндірістік процестерді іске қосуға көмек көрсетуді қоса алғанда, оларды сүйемелдеу механизмдері пысықталуда.

 

2017

  • Индустриялық аймақта инженерлік коммуникацияларды өткізудің негізгі кезеңі аяқталды. «Алматы» ӘКК мердігерлік жұмыстардың сапасы мен іске асырылу мерзімдерін бақылауды жүзеге асырады.
  • Өнеркәсіпті кластерлік дамыту тұжырымдамасын іске асыру жалғастырылды: «Алматы» ӘКК технологиялық тізбектер шеңберінде өзара іс-қимыл жасайтын резиденттер тобын қалыптастыруда.
  • Өндірістік алаңдарды бірінші резиденттерге беруге белсенді дайындық жүргізілуде. Кәсіпорындарды сертификаттау және учаскелердің инфрақұрылымдық дайындығы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
  • «Алматы» ӘКК инвестициялық портфеліне аудит жүргізілді, оның нәтижелері бойынша объектілерді іске қосу мерзімдері түзетілді және басым салаларға назар күшейтілді.

2018

  • Индустриялық аймақ аумағында 54 резидент-компания жұмыс істейді. Тартылған жеке инвестициялардың жалпы сомасы 75 млрд теңгеден асты.
  • Индустриалық аймақтың 14 кәсіпорны өздерінің өндірістік қызметін бастады, бұл 2000-нан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.
  • «Алматы» ӘКК резиденттердің қызметін үйлестіреді, құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі, сондай-ақ жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде кешенді қолдауды қамтамасыз етеді.

 

  • Тұрғын үй алаптары мен өнеркәсіптік аймақтардың инфрақұрылымын жаңарту бағдарламасы жалғасуда. Іргелес аумақтарды абаттандыру және өндірістік кластерлерді көгалдандыру жұмыстары басталды.

2019

  • «Алматы» ӘКК «Алматы-2050» қаласын дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісті, оның шеңберінде активтерді басқару мен инвестициялық саясатқа стратегиялық көзқарас қайта қаралды.

 

  • Алматы қаласының әкімдігі «Алматы» ӘКК-мен бірлесіп, кәсіпкерлерге қаржыландыруға, оқытуға және әкімшілік қолдауға қолжетімділік беретін «Almaty Business 2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын әзірледі және енгізді.
  • «Алматы» ӘКК компаниялар тобына кірген және шағын мен орта бизнесті жеңілдікпен кредиттеуге арналған «Almaty Finance» ЖШС және «Almaty» МҚҰ жаңа қаржы ұйымдары құрылды.

 

  • «Алматы» ӘКК басқаруымен қаланың бес ауданында шағын өнеркәсіптік парктер ашылды, онда кәсіпкерлер дайын өндірістік алаңдарға қолжетімділік алды.

 

  • Индустриялық аймақта екі жаңа кәсіпорын пайдалануға берілді. «Алматы» ӘКК басқаруындағы инвестициялық жобалардың жалпы портфелі 60 позициядан асты.

2020

  • «Алматы» ӘКК қаланың тұрақтандыру қорының операторы болып тағайындалды. 28 әлеуметтік павильон мен қалалық жәрмеңкелер арқылы азық-түлік тауарларын төмендетілген бағамен сату ұйымдастырылды.

 

  • Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация инвестициялық санатта халықаралық кредиттік рейтингке ие болды. Fitch Ratings «Алматы» ӘКК-ға шетел және ұлттық валютада эмитент дефолтының («ЭДР») «BBB –» ұзақ мерзімді рейтингтерін берді, болжам - «Тұрақты».
  • ҚР Президенті Алматының Индустриялық аймағына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев «КСМ Техновид» және Hyundai Trans Kazakhstan зауыттарында барды. «Техновид» зауытының қуаты – жылына 475 мың шаршы метр шыны-пакет терезе, Hyundai Trans Kazakhstan – жылына 45 мың бірлік машина. Кәсіпорындарға барлығы 1000-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған.

 

  • Қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған almatyazyk.kz сайты іске қосылды. Тұтынушылар жәрмеңкелер мен сауда павильондарының мекенжайларымен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ұсынылған бағаларымен таныса алады.
  • «Ақсу Кант» ЖШС келісімі бойынша 2 000 тонна көлемінде қант сатуға арналған ірі сауда желілерімен шарт жасалды.

2021

  • «Алматы» ӘКК Fitch халықаралық кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде сақтап қалды, бұл оның қызметінің тұрақтылығы мен ашықтығын растады.

 

  • Бірлескен инвестициялық жобалар шеңберінде Совкомбанкпен 10 млрд теңге тарту туралы келісім жасалды.

 

  • «Алматы» ӘКК қатысуымен 35 әлеуметтік жоба іске асырылды: мектептер, спорт орталықтары, креативті кеңістіктер, жастар және инклюзивті алаңдар құрылысы.

 

  • «Алматы» ӘКК ұйымдастырған «Almaty Investment Forum» инвестициялық форумы өткізілді, оған бизнестің, мемлекеттің және халықаралық әріптестердің 7000-нан астам өкілі қатысты.

  • «Almaty Business – 2025» бағдарламасы жандандырылды, кәсіпкерлердің жеңілдетілген қарыздар мен инвестицияларға қолжетімділігінің жаңа механизмдері енгізілді.

2022

  • «Алматы» ӘКК қаланың 72 сауда нүктесінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша Magnum супермаркеттер желісімен меморандумға қол қойды.

 

  • Қаңтардағы оқиғалардан зардап шеккен шағын бизнес субъектілері үшін жылдық 2%-бен микроқаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама ондаған кәсіпкерлерді қамтыды.

 

  • «Almaty Business – 2025», «Бизнестің жол картасы» және басқа да бағдарламалар аясында жалпы сомасы 42 млрд теңгеден асатын 110 жоба қаржыландырылды.
  • 2022 жылы Алматының индустриялық аймағында 6 жоба іске қосылды. Жобалардың жалпы сомасы 9 млрд теңгені құрады.

 

  • Алматыға жұмыс сапары аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы индустриялық аймағында Changan, Chery, Haval маркалы автомобильдер шығаратын зауыт құрылысын бастады.

  • Алматы МҚҰ қаңтар-мамыр айларында бизнеске 814,4 млн теңгеге кредит берді. Бір жыл ішінде Алматы кәсіпкерлеріне «Almaty» МҚҰ арқылы берілген қарыз саны екі есеге артты.

2023

  • «Алматы» ӘКК цифрлық трансформацияға және ESG-тәсілдеріне баса назар аудара отырып, 2025 жылға дейінгі дамудың жаңа стратегиясын бекітті.

 

  • «Алматы» ӘКК БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды, онда адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы орнықты даму қағидаттары мен құндылықтарын сақтау көзделген
  • Түрксіб ауданында 56 отбасы «Алматы қаласының 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы» аясында жаңа пәтерлердің кілттерін алды. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйым «Алматы» ӘКК болып табылады.
  • Индустриялық аймақта кемінде 220 мың авто өндірісімен автокластерді қалыптастыру шеңберінде жобалық қуаты 170 мың автомобильге дейінгі екі жаңа автозауытты іске қосу жоспарлануда.

 

  • «Алматы» ӘКК S&P Global-дан орнықты даму саласында халықаралық рейтинг алған Республиканың алғашқы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы болды. Рейтинг (9/100) «Алматы» ӘКК-нің ESG-факторларын табысты басқару жолының бірінші сатысында тұрғанын көрсетеді.

 

  • Алматы ӘКК «жасыл облигациялар» бойынша алғашқы кепілдікті шығарды. «Black Biotechnology» ЖШС-ға органикалық ауыл шаруашылығын дамыту үшін инновациялық биожем қоспалары мен тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысының жобасы бойынша кепілдік берілді. Негізгі борышты төлеу бойынша «Алматы» ӘКК кепілдік міндеттемелері – 1,5 млрд теңгені (шығарылым көлемінің 75%-ы) құрады.

 

  • Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Алматы» ӘКК шетелдік және ұлттық валютадағы эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін («ЭДР») «BBB -» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты».

2024

  • Fitch Ratings «Алматы» ӘКК-нің халықаралық кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады. Бұл инвесторлар мен халықаралық серіктестердің сенімін нығайтты.

 

  • Алматы индустриялық аймағының аумағында 10 жаңа жоба іске қосылды. Олардың ішінде 5 өндірістік кәсіпорын: тұрмыстық химия және жеке гигиена құралдарын өндіру зауыты, халықаралық төлем жүйелерінің банк карталарын өндіру зауыты; толық циклді темірбетон бұйымдарын өндіру зауыты; автомобильдерге арналған электрондық аудио және бейне жабдықтарын өндіру зауыты және кабель-өткізгіш өнімдерін шығару жөніндегі өндірістік кешен бар.
  • «Алматы» ӘКК еншілес ұйымы, «Almaty» МҚҰ» ЖШС 2024 жылы ШОБ-қа 106 жеңілдікті қарыз берді. «Almaty Business-2025» бағдарламасы бекітілген сәттен бастап «Almaty» МҚҰ 13,3 млрд.теңгеден астам сомаға 600-ге жуық жобаны қаржыландырды.
  • «Алматы» ӘКК» АҚ қаланың Алмалы, Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарындағы демалыс күнгі жәрмеңкелердің инфрақұрылымын жаңартты. Сатып алушылардың жайлылығын арттыру және жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жұмыс жағдайларын жақсарту үшін жаңа сауда сөрелері орнатылды, санитариялық жағдайлар жақсартылды, келушілердің қозғалысы үшін қолайлы маршруттар қалыптастырылды.
  • S&P Global халықаралық рейтингтік агенттігі S&P Global Corporate Sustainability Assessment (S&P CSA) орнықты даму бөлінісінде компаниялардың қызметін жыл сайынғы бағалау шеңберінде «Алматы» ӘКК-ға 2024 жылы «20» деңгейінде баға берді, бұл өткен жылдың нәтижесінен екі есе артық

 

  • Алматы қаласының мәслихаты «Алматы қаласының тұрғын үйін 2030 жылға дейін реновациялау бағдарламасын» бекітті, оның мақсаты қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту, қалалық ортаны жаңарту және апаттық тұрғын үй қорының ұлғаюына жол бермеу болып табылады. Бағдарлама әкімшісі болып «Алматы» ӘКК, ал Уәкілетті ұйым болып «КҚК» ЖШС тағайындалды.
  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында «Алматы» ӘКК «Алатау-құс» АҚ құс фабрикасымен қарыз шартын жасасты. Келісім тауықтардың етіне (саны мен жамбасына) бағаны 24 ай мерзімге тұрақтандыруға бағытталды, жалпы жеткізілім көлемі 1 818 тонна.

 

  • «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС («Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы) аумағында орналасқан «Industrial Place» ЖШС шағын өнеркәсіптік паркінде Қазақстанда литий-ионды батареяларды қайта өңдеу бойынша алғашқы цех ашылды. Кәдеге жарату технологиясы құрамында литий бар ұнтақ, алюминий, мыс және одан әрі өндірісте пайдаланылуы мүмкін басқа компоненттер сияқты құнды материалдарды алуға мүмкіндік береді.

 

  • Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және бағаның өсуіне жол бермеу механизмдерін іске асыру шеңберінде «Алматы» ӘКК тауар биржасындағы сауда-саттық нәтижелері бойынша 4,5 мың тонна қант жеткізуге шарт жасасты.

 

  • «Алматы» ӘКК Басқарма төрағасының орынбасары Зоя Касенова шағын және орта бизнес санатындағы Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша пионер (SDG Pioneers) Орталық Азиядағы дебюттік сыйлығының финалисті атанды. Сыйлықты ұйымдастырушы Біріккен Ұлттар ұйымы болды.

 

  • 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында «Алматы» ӘКК «КҚК» ЖШС еншілес компаниясымен бірлесіп «2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы» шеңберінде 280 тұрғынды қоныстандырды. Бұдан бұрын қаланың Әуезов, Алатау, Бостандық, Жетісу және Медеу аудандарындағы пайдалану мерзімі өткен 10 үйде тұрған 70 отбасы қазіргі заманғы тұрғын үй кешендерінде абаттандырылған жаңа пәтерлердің кілттерін алды.

 

  • Алматы индустриялық аймағының резиденттері 1,913 млрд теңгеге, оның ішінде 2023 жылы 801,3 млрд теңгеге өнім өндірді. Қазіргі уақытта АИА қатысушылары машина жасау, өндіріс, құрылыс, логистика, тамақ, химия және аграрлық өнеркәсіп және т.б. салалардан 102 компания болып табылады.

 

  • Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру механизмдерін іске асыру шеңберінде «Алматы» ӘКК «Magnum Cash&Carry» ЖШС-мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) 13 позициясын сатып алуға қарыз шартын жасасты. Сатып алынатын ӘМАТ-тың жалпы көлемі 2547,7 тоннаны құрады.

2025

  • «Алматы» ӘКК 2025 жылға дейінгі стратегияны іске асыруды аяқтайды. Өзекті сын-қатерлер мен мегатрендтерді ескере отырып, 2030 жылға дейінгі жаңа стратегияны әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындалды.
  • Fitch Ratings «Алматы» ӘКК рейтингін «тұрақты» болжаммен «BBB -» деңгейінде растады. Инвестициялық санатқа жататын «BBB -» рейтингі компанияның кредит қабілеттілігінің жеткілікті деңгейін және кредиттік тәуекелдер бойынша төмен үміттерді көрсетеді.

 

  • Алматыда Smart Plastic Zone эко-марапаттары табыс етіліп, «Алматы» ӘКК мен Green Urban қауымдастығы арасында орнықты даму саласындағы стратегиялық Меморандумға қол қойылды. Меморандум қалалық ортада экологиялық таза, энергияны үнемдейтін және тұрақты шешімдерді ілгерілету жолындағы маңызды қадам болды.
  • «Алматы» ӘКК электрмен зарядтау станцияларын орнату үшін 311 жер телімін бөлді. Барлық станциялар пайдалануға берілгеннен кейін қалада электромобильдерді зарядтауға арналған 622 жаңа тұрақ орны пайда болады.
  • «Алматы» ӘКК әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын 30 кәсіпкерге жеңілдікті шарттармен жалға берілетін тұрғын емес орынжайларды ұсынды.
    Мұндай жалдау құны ҚҚС-ты ескере отырып, бір шаршы метрге 0,1 АЕК құрайды, бұл мегаполистегі жалдау құнынан едәуір төмен.

 

  • Қаланың Индустриялық аймағында автомобиль және өңдеу өнеркәсібінің қажеттіліктеріне бағдарланған, Қазақстан Республикасындағы алғашқы лак-бояу жабындарын шығаратын зауыт құрылысын бастау шеңберінде капсула салу салтанатты рәсімі өтті.
  • Жыл басынан бері Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңкелерге қаланың 550 000-нан астам тұрғыны мен қонақтары қатысты. Апта сайынғы уақытша сауда алаңдарында Алматы мен Алматы облысының 320-дан астам ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлері 1000-нан астам азық-түлік тауарларын ұсынады.

 

  • 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда 220 тозығы жеткен тұрғын үй иелері жаңа абаттандырылған пәтерлерге көшті. Қоныс аударуды «КҚК» ЖШС, сондай-ақ «Алматы қаласының тұрғын үйін 2030 жылға дейін реновациялау бағдарламасын» іске асыру шеңберінде инвесторлар жүзеге асырды.

 

  • 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Алматы» ӘКК-нің еншілес компаниялары «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде 4,7 млрд теңге сомасына 44 жобаны қаржыландырды, бұл 320 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
  • «Алматы» ӘКК демалыс күнгі жәрмеңкелер желісін кеңейтуде: Алмалы және Жетісу аудандарында жаңа алаңдар ашылды.
crossmenu