Наурыз 5, 2024

«Алматы» ӘКК: рейтинг «ВВВ-», болжам «Тұрақты»

Мұндай бағаны «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі 2023 жылдың қорытындысы бойынша қойды.

«Алматы» ӘКК эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингі «BBB-» деңгейінде бағаланды, болжам «Тұрақты», бұл корпорацияның жақсы кредит қабілеттілігін, кредиттік тәуекелдер бойынша төмен күтулерді білдіреді. Қаржылық міндеттемелерді уақтылы өтеу мүмкіндігі барабар деп бағаланады. Бұл рейтинг инвестициялық санатқа жатады.

«Алматы» ӘКК қызметін бағалау мегаполистің стратегиялық бағдарламаларын, атап айтқанда, біркелкі және тұрақты қалалық орта құру үшін полицентристік дамуды іске асырумен тікелей байланысты.

2023 жылы корпорация инвестициялардың жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеден асатын жобаларды іске асыруды бастады. Олардың ішінде 5G желісін дамыту үшін 16 қос мақсаттағы тіректі (ҚМТ) салу жобасы бар.  ӘКК-нің серпінді жобаларының бірі – KASE-де жарияланған «жасыл» облигациялардың дебюттік шығарылымына кепілдік беру. Осылайша, Алматы индустриялық аймағының аумағында инновациялық биоазықтық қоспалар мен тыңайтқыштар өндіретін зауыт салуға қаржыландыру тартылды. Сондай-ақ Корпорация қала тұрғындарын экологиялық көлікпен (электромобильдермен) қамтамасыз ету бойынша бірқатар сервистік жобаларға қолдау көрсетті.

«Алматы» ӘКК әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде өткен жылы қаланың сауда объектілеріне 13,7 млрд теңгеге 200 мың тоннадан астам ӘМАТ жеткізу қамтамасыз етілді.

Жайлы қалалық ортаны құру бағытын іске асыру үшін тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасына сәйкес Алматыда 2021-2025 жылдарға арналған 142 отбасын ескі тұрғын үйден жаңа абаттандырылған пәтерлерге көшіру қамтамасыз етілді.

«Almaty Business 2025» кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламасы бойынша «Алматы» ӘКК еншілес ұйымдары – «Almaty Finance» ЖШС және «Almaty» микроқаржы ұйымы» ЖШС-мен 2023 жылы жалпы сомасы 6 677,6 млн теңгеге 152 жоба қаржыландырылды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша алдын ала аудиттелмеген деректер бойынша «Алматы» ӘКК 8,024 млрд теңге сомасында таза пайда алды, компанияның активтері 225,8 млрд теңгені, меншікті капиталы 167,5 млрд теңгені құрады. Бюджетке 8 млрд теңгеден астам салық аударымдары түрінде төленді, сондай-ақ 9,5 млрд теңге сомасына проблемалық активтерді қайтару жүзеге асырылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы» ӘКК қаланың басым әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларын іске асыратын, бизнеске қолдау көрсететін өңірлік даму институты болып табылады.

Айта кетейік, Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктердің «үлкен үштігіне» кіреді. Агенттіктің басты міндеті – әлемдік кредиттік нарықтарға тәуелсіз және болашаққа бағдарланған кредит қабілеттілігін бағалауды, талдамалық зерттеулер мен деректерді беру.

crossmenu