ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев және өңірлер өкілдері бастаған қазақстандық делегация, оның ішінде Алматы ӘКК Тәжікстанға жұмыс сапарымен барды. Нәтижесінде тараптар Тәжікстаннан Қазақстанға маусымаралық уақытта ерте пиязды жеткізу туралы келісімге қол қойды.
Сапар барысында Тәжікстан Республикасы Экспорт агенттігінің өкілдерімен, «ТәжАгроӨнеркәсіп» МУК және Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен ерте пісетін көкөністерді (пияздарды) тікелей жеткізу, сондай-ақ Тәжікстанның экспорттық әлеуеті мәселелері бойынша бірқатар кеңестер өткізілді.
Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында ӘКК мен ҚР өңірлерінің кәсіпкерлік басқармаларының өкілдері Хатлон облысының көкөніс өнімдерін өсіретін фермерлік шаруашылықтарына барды.
Сапар қорытындысы бойынша Алматы қаласы мен «ТәжАгроӨнеркәсіп» МУК арасында өзара тиімді ынтымақтастық туралы Келісімге және Алматы қаласында 1500 тонна көлемінде пияз жеткізу жоспары туралы шартқа қол қойылды.
«ТәжАгроӨнеркәсіп» МУК - Тәжікстан Республикасының Үкіметі құрған, бәсекеге қабілетті өнімді сатып алумен, дайындаумен, сақтаумен, ораумен және шетелге экспорттаумен айналысатын кәсіпорын.