«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы – «Almaty» МҚҰ» ЖШС осы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге 39 кредит берді. «Almaty Business-2025» бағдарламасы аясында ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер өз ісін дамытуға 2% және 6% жеңілдікті мөлшерлемемен қарыз алды. Қаражат жабдықты, шикізатты сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға және басқа бизнес шығындарын жабуға бөлінеді.
МҚҰ-дағы қарыздың ең жоғары сомасы 78 640 000 теңгені құрайды, несиелеу мерзімі -7 жылға дейін. Биылғы жылы өндіріс және қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер ең көп қарыз алды - 38%. Екінші орында - Халыққа қызмет көрсету бойынша жобалар (28%), үшінші орында - Денсаулық сақтау саласында (18%). Сондай-ақ, білім беру (8%), туризм (5%) және креативті экономика (3%) жобалары қаржыландырумен қамтамасыз етілді.
«МҚҰ қызметі басталғаннан бері 2019 жылдан бастап мегаполисте жалпы сомасы 15 млрд теңгеге 626 жоба қаржыландырылды. Аудандар бөлінісінде ең көп қарыздарды Бостандық — 135, Алатау — 108 және Алмалы — 81 аудандарының кәсіпкерлері алды. Әуезов ауданында 76 жоба, Медеу ауданында — 74, Наурызбай ауданында — 61, Жетісу ауданында — 47, Түрксіб ауданында — 44 жоба қолдау тапты. Барлығы 2 760 жұмыс орны құрылды», - деп атап өтті «Almaty» МҚҰ басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.
Жеңілдетілген несиелеу туралы толығырақ - +7 (727) 390 80 42 телефоны бойынша немесе сайтта https://mfoalmaty.kz.