6 апреля, 2023

Алматы ӘКК Қоғамдық кеңеске "демалыс күні" жәрмеңкелерін дамыту тұжырымдамасын ұсынды

Апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу форматын қайта қарау жоспарларымен Алматы қаласының белсенділері мен Қоғамдық кеңесінің қатысуымен өткен Стратегиялық сессияда Алматы ӘКК бөлісті.

Кездесу барысында сауда орындарын жаңғырту бойынша жаңа шешімдер ұсынылды, сондай-ақ коммерциялық сөз байласу қаупін азайту және жәрмеңкелерде бағаны негізсіз көтеруді болдырмау үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қатысу шарттары талқыланды.

Тараптармен бірлескен өзара іс-қимыл және жобаны дайындау кезінде Қоғамдық кеңес сарапшыларымен енгізілген түсініктемелерді есепке алу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қоғамдық кеңеспен келесі кездесу жақын арада Алматы ӘКК базасында өтеді.

"Демалыс күні" жәрмеңкелері - Алматыда жергілікті тауар өндірушілер мен фермерлердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын апта сайынғы уақытша сауда алаңдары. "Демалыс күні" жәрмеңкелерін өткізудің негізгі мақсаты әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы орташа нарықтық бағадан төмен жергілікті тауар өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу болып табылады.

crossmenu