«Алматы» ӘКК S&P Global-дан тұрақты даму саласында халықаралық рейтинг алған Республиканың алғашқы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы болды.
Бүгін «Алматы» ӘКК ESG-факторларын табысты басқаруға жолдың бірінші сатысында тұр, бұл туралы алынған рейтинг (9/100) куәландырады.
ESG факторлары тұрғысынан рейтинг құрылымы келесідей:
6% – экологиялық аспект бойынша (Environmental Dimension);
12% – әлеуметтік аспект бойынша (Social Dimension);
9% – басқару және экономикалық аспект бойынша (Governance & Economic Dimension).
ESG тұрақты даму қағидаттарын енгізу және сақтау «Алматы» ӘКК-нің стратегиялық бағыты болып табылады. Осыған байланысты ӘКК тұрақты даму саласындағы корпорацияның рейтингін біртіндеп арттыра отырып, ESG-практикасын ұдайы жетілдіруге ниетті.