Осындай жобалардың бірі-мүгедектігі бар адамдарды қолдау жөніндегі қоғамдық қор "Jurek Guly"
Қор атаулы, заңдық, консультациялық көмек көрсету, білім алуға жәрдемдесу, кәсіптік бейімдеу және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру жөніндегі орталық болып табылады.
Алматы ӘКК осы әлеуметтік жобаны қолдап, оны іске асыру үшін үй-жай берді.
Қордың жоспарында осы үй-жайды мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тренажерлері бар залға, қол бұйымдарын оқытуға арналған бөлмелерге (Қор мүшелерінің өз табысы үшін) және бағдарламалауға оқытуға (IT, СММ, 3D принтермен жұмыс істеу) тарту бар.
Сонымен қатар, орталықта психологиялық қолдау мен мотивация көрсетілетін болады.
Жобалар бойынша кеңес алу үшін біздің байланыс орталығымызға хабарласыңыз:
2810 - бірыңғай байланыс орталығы
SPKAlmatybot - Telegram-бот
spkalmaty.kz - Жеке кабинет