30 қазанда «Алматы индустриялық аймағы» аумағында Kazakhstan Mobility Engineering зауытын іске қосудың салтанатты рәсімі өтті. Кәсіпорын "Астана Моторс» компаниясының құрамына кіреді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, Motrex компаниясының CEO-сы Джунсон Ким, «Астана Моторстың" негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов және компаниясының CEO-сы Бекнұр Несіпбаев қатысты.
Өткен жылдың сәуір айында «Астана Моторс» компаниясы энергетика, көлік және автомобиль өнеркәсібі сияқты салалар үшін технологиялар саласындағы жабдықтар мен шешімдердің жаһандық жеткізушісі Motrex Co Ltd компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сол кезде «Астана Моторс» ел аумағында оңтүстік кореялық әріптестің технологиясы бойынша мультимедиялық құрылғылар шығару құқығына ие болды. Зауыттың техникалық ашылуы 2024 жылдың қыркүйегінде өтті, ал электронды аудио және бейне жабдықтардың алғашқы партиясы Tucson және ELANTRA моделіндегі автомобильдерге орнату үшін Hyundai Trans Kazakhstan зауытына берілді.
Зауыттың іске қосылуы – бұл Қазақстанның автомобиль саласында бетбұрыс болатын екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға қосқан құнды үлесі екеніне зор сенім, деп мәлімдеді ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.