24 июля, 2024

Алматыда күн панельдерін өндіру зауытының капсуласы салынды

«Almaty Business Development Company» Алматы қаласының бизнесті дамыту компаниясымен сүйемелденетін инвестициялық жоба «Алатау» инновациялық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағында іске асырылатын болады. Онда зауыт құрылысына шикізат жеткізу және дайын өнімді тиеп-жөнелту үшін ыңғайлы логистикалық орналасуды қамтамасыз ететін, ауданы 2 гектардан астам жер учаскесі бөлінді.

Ауданы шамамен 2,5 мың шаршы метр болатын кәсіпорын жыл сайын 250 000 күн модулін шығарады. Бір модульдің қуаты 585 Вт-тан басталады. Өнім «TGS-Solar» брендімен шығарылады. Кәсіпорынның іске қосылуы ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Зауттың жылдық қуаттылығы 150 МВт.  Зауыт заманауи жабдықтармен, соның ішінде күн панельдерін құрастыруға арналған автоматты желілермен, лазерлік плазмалық кескіштермен және автоматты дәнекерлеу машиналарымен жабдықталады. Зауыт қалалық экономиканы дамытудың қосымша ынталандырушысы болады, 100-ден астам жаңа жұмыс орындарын құрады, сондай-ақ қазақстандық құрамдас бөліктер мен материалдар өндірушілерінің тізбегін қалыптастыратын болады.

Зауытқа кредит беруді «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде «Altyn Group» ЖШС жүзеге асырады. Кредиттік лимит бойынша сыйақы ставкасы 6%, қаржыландыру мерзімі - 7 жылды құрайды. «Алматы Финанс» қарыз қаражатын ескере отырып, инвестициялардың жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден асады.

Жобаның мақсаты – жаңартылатын энергетиканы дамыту және елдегі күн панельдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру.

Қазіргі уақытта ҚР ЖЭК үлесі 5,8% құрайды, 2035 жылға қарай 16%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Күн панельдерін өндіру зауытының құрылысы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетикалық машина жасауды дамыту, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу, 2029 жылға қарай Қазақстан Республикасының ЖІӨ-ін екі есеге арттыру және Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін күшейту жөніндегі талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

crossmenu