21 июля, 2025

Алматыдағы жаңарту бағдарламасы. Ескі тұрғын үйдің орнына жаңа пәтер алған алматылықтардың тарихы

Өткен жылдың соңында Алматы мәслихаты тұрғын үйді 2030 жылға дейінжаңарту бағдарламасын бекітті. Оның басты мақсатыескі үйлердіңтұрғындарын заманауи, қауіпсіз және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бағдарлама ескірген ғимараттарды бұзуды ғана емес, сонымен қатар қалалықортаны кешенді жаңартудыинфрақұрылымды дамытуды, жаңа жұмысорындарын құруды және қаланың сәулеттік келбетін жақсартуды көздейді.

Біз бағдарламаның қала мен адамдардың өміріне қалай әсер ететінін көрсету үшін жаңаруға қатысқан және жаңа пәтерлер алған алматылықтардың тарихын жинадық.

Үш ширек ғасырдан соң жаңа пәтер

Алты баланың анасы, жеті немересінің әжесі және бір шөберелі үлкен әже -зейнеткер Маусымбекова Нұрзия Тұрысбекқызы 83 жаста, оның 74 жылын1951 жылы салынған үйде тұрған. Екі қабатты рамалық-қамысты ғимарат уақыт өте келе құлдырады: шатыр ағып, сымдар жабылып, кәріз құбырлары тоза бастады. Одан әрі тозығы жеткен тұрғын үйде тұру қауіпті болды. Зейнеткер қоныс аудару нұсқаларын қарастыра бастады.


«Біздің үй жөндеу бағдарламасына кірді және бізге қаланың әртүрлі аудандарында таңдау үшін жаңа пәтерлер ұсынылды. Біз өзімізге ұнағанын таңдап, төрт айдан кейін қоныс тойын атап өттік», - дейді Нұрзия Тұрысбекқызы.

Жаңарту бағдарламасы аясында қоныс аударушыларға бірден әрленгенпәтерлер беріледі. Үйлерде интернет орнатылған, өртке қарсы дабыл орнатылған, жаңа сантехника мен фаянс, газ немесе электр плитасы қарастырылған.

«Пәтер кең, жарық, жеке ас үй, жайлы қонақ бөлме және жатын бөлме бар. Бізге жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет болмады. Енді маған балаларыммен немерелерім жиі келеді, ал өзім жаным тыныш тауып рахатқа бөленетін болдым», - деп атап өтті Нұрзия Тұрысбекқызы.

30 жылдан кейін тозығы жеткен үйде жайлылық пен қауіпсіздік

Литвиновтар отбасы тозығы жеткен үйде шамамен 30 жыл өмір сүрді. Екіқабатты ғимаратта инженерлік коммуникациялармен үнемі проблемалартуындады, ал қаңқалары айтарлықтай тозған болатын.

«Үйдің едендері езіліп, шатырымыздан су ағып, қабырғалары сетіней бастады. Біз онда өмір сүруден қорқатынбыз. Бізге қоныс аударуды ұсынды», - дейді Владимир Литвинов.

Жаңарту бағдарламасы аясында отбасы ескі тұрғын үйдің орнына жаңа үйденпәтер алып бүгінде жайлылық пен қауіпсіздіктің рақатын көруде.

«Әрине біз бастапқыда уайымдадық. Бірақ дайын пәтерлерді көргенненкейін күмәнымыз жойылды. Әрлеу мен сантехниканың бар екенін былай қойғанда, жаңа тұрғын үйдің көлемі ескімізден әлдеқайда асып түсті. Бізшынымен де заманауи және кең пәтерге кірдік», - деп еске алады Владимир.

Пешті жылытудан заманауи жайлылыққа дейін

Зейнеткер, Мамытхан Тәңірбергенұлы жаңа тұрғын үйге қоныс аударғанғадейін 32 жыл пешпен жылытылатын ескі үйде тұрды.

«Менің үйім Райымбек пен Тілендиев көшелерінің қиылысында болды. 30 жылдан астам уақыт бойы менің күн сайын пеш жағуыма тура келді. Жасыма қарай онда одан әрі өмір сүру өте қиын болды», - дейді зейнеткер.

Көшу ол үшін нағыз жеңілдік болды. Енді Мамытхан Тәңірбергенұлы жылуүшін алаңдамай, заманауи пәтеріндегі ыңғайлылықтан ләззат алуда.

«Жаңарту бағдарламасы бойынша жаңа үйге көшкеннен кейін маған жасалған жағдайлар әлдеқайда жақсарды, Құдайға шүкір. Жылу, ыстық жәнесуық су, газ, жуынатын бөлме, кең ас үйім бар. Мен өте бақыттымын».

Жаңа жаңарту бағдарламасы қалай жұмыс істейді

2030 жылға дейінгі тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы жаңартуға кешендіқадамдар жасауды қамтиды: адамның тұрғылықты жерімен бірге оның өмірсалты өзгереді, тіршілік ету ортасы жақсарады, жаңа қоғамдық кеңістіктер, жұмыс орындары, қалалық қызметтер пайда болады. Сонымен қатар, қаланың эстетикалық сәулеттік және қала құрылысы келбеті қалыптасуына септігін тигізеді.


Бағдарламаның әкімшісі«Алматы» ӘКК» АҚ, ал уәкілетті ұйым«Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС («КҚК») болыптабылады.

Бағдарлама аясында ескі тұрғын үй иелері үшін өтемақының үш нұсқасықарастырылған. Бірінші нұсқа - тұрғындардың санына қарамастан, «бөлмеүшін бөлме» қағидаты бойынша ескі тұрғын үйді жаңасына айырбастау. Екінші нұсқа - жаңа үйдің құрылысы аяқталғаннан кейін баламалы тұрғынүйді беру, ал күту кезеңінде «КҚК» немесе инвестор уақытша тұрғын үй беретұрады. Үшінші нұсқа - тәуелсіз бағалау компаниясы анықтаған нарықтыққұны бойынша тұрғын үйді сатып алу.

Ғимараттарды көшіру және бұзу барлық меншік иелерінің келісімімен ғанажүзеге асырылады. Ұсынылған қоныс аудару нұсқаларынан бас тартқанжағдайда, тұрғындар өз үйлерінде қалу құқығын сақтайды, бірақ одан әрітозығы жеткен тұрғын үйде тұрудың ықтимал қауіптері үшін жауап береді.

2030 жылға дейін кем дегенде 676 ескі үйді жаңарту жоспарлануда, бұл 7500-ге жуық меншік иесін заманауи абаттандырылған пәтерлерге көшіругемүмкіндік береді.

Мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тектоникалықақауларда орналасқан қаңқалы-қамысты үйлер мен ғимараттарды бұзуға баса назар аударылады. Қайта құру объектілерінің орнында жаңа ғимараттар мен құрылыстар салу тығыздығы, әлеуметтік, көліктік және инженерлікинфрақұрылымның қолжетімділігі және қала мүддесі үшін өзге де талаптарескеріле отырып Бас жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында «КҚК» инвесторлармен бірлесіп 220 ескі тұрғын үй иесін жаңа пәтерлермен қамтамасыз етті. Ағымдағыжылдың соңына дейін барлығы 600-ден астам адамды көшіру жоспарлануда.

crossmenu