Қараша 28, 2022

Әуезов ауданында «Шыңға Өрлеу» атты әлеуметтік қордың ашық есік күні өтті

Бүгін Алматыда №1 Әуезов бөлімшесінің «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік қорының ашық есік күні өтті. Бұл іс-шараға Талғар ауданының депутаты Ш.Ш.Купидинов, Әуезов ауданы аппаратының басшысы Д.М. Халыков, қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.Ш. Құрманғалиев, «Алматы» ӘКК» АҚ өкілдері, сондай-ақ қаланың белсенділері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

«Ашық есік күні» рәсімінде оқушыларды, олардың ата-аналары мен қала қонақтарын «Шыңға Өрлеу» директоры Болат Еркебланұлы құттықтады. Өз кезегінде №1 Әуезов бөлімшесінің меңгерушісі Гүлсара Тілеумұханқызы жиналғандарды оқу бағдарламасымен, үйірмелермен және педагогтармен таныстырды. Мұғалімдер оқушылармен бірге күнделікті клуб қабырғасында өтетін сабақтарды көрсетті: би билеп, ән шырқап, зияткерлік викториналарға қатысып, математикалық есептерді шешіп, ағылшын және қазақ тілдерінде сөйледі.

«Шыңға Өрлеу» - Алматы қаласы әкімдігінің және Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен 2018 жылы құрылған қоғамдық қор. Бұл жерде оқушыларға үй тапсырмаларын орындауға көмектеседі, оқудағы ықтимал олқылықтарды жойып, қосымша секциялардың арқасында жан-жақты дағдыларды дамытады, осының бәрі әрине тегін.

«Алматы» ӘКК» АҚ аталған әлеуметтік жобаны қолдап, қаланың Әуезов ауданында «Шыңға Өрлеу» ғимаратын тегін негізде бөлді.

Әлеуметтік және білім беру жобаларын қолдау «Алматы» ӘКК» АҚ қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

crossmenu