12 декабря, 2022

Алматыда Индустриялық аймақ 189 гектарға кеңейеді

Алматы индустриялық аймағының II кезеңін дамыту үшін аумақты 189 гектарға кеңейту жоспарланған.

Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы мақұлдады. Қазіргі уақытта инженерлік инфрақұрылым бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Көктемгі нақтылау кезінде жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін 2023-2024 жылдарға 40 млрд. теңге сомасына бюджеттік өтінім беру жоспарланған.

Қалада шағын және орта индустриялық кәсіпкерлерге арналған өнеркәсіптік парктер белсенді дамып келеді. Қазіргі таңда 8 өнеркәсіптік парк салынды (инвестиция сомасы 2,2 млрд. теңге), тағы 11 өнеркәсіптік парк салынып жатыр, оның ішінде 2023 жылы 3,5 млрд. теңге сомасына 7 өнеркәсіптік паркті іске қосу жоспарланған.

crossmenu