Сәуір 19, 2023

Алматылық кәсіпкер Рамазан айына орай отбасыларына азық-түлікті тегін берді

Рамазан айы - игі істер атқарудың ұлы маусымы.

Алматылық кәсіпкер мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек ретінде 23 мыңнан астам азық-түлік ұсынды.

Азық-түлік өнімдері, оның ішінде жарма, жұмыртқа кеспесі, сұлы, сондай-ақ балаларға арналған тәттілер және т.б. көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға, сондай-ақ балалар үйлеріне берілді.

Ұйымдастыру мәселелерін Алматы ӘКК өз мойнына алды. Бір апта ішінде аудан әкімдіктерінің қатысуымен сәлемдемелер өз адресаттарына жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 23 наурызда мұсылмандарда қасиетті Рамазан айы басталып, ол уақытта діндарлар тамақ пен судан аулақ болып, кешірім сұрап, мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.

crossmenu