22 июня, 2022

Алматыда қаңтар айында бүліктен зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төленді

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, қаңтар айындағы оқиғалар кезінде зардап шеккен алматылық кәсіпкерлердің барлығына – өтінімдердің жалпы санының 98%-на өтемақы төленді. Ұзаққа созылған пандемия мен тәртіпсіздіктерден кейін мегаполистегі ШОБ өз жұмысын қайта қалпына келтіріп, мемлекеттік қолдау құралдарының арқасында дамуда оң динамиканы көрсетуде.


Алматы еліміздің іскерлік және қаржылық астанасы болып саналады. Ұлттық бюроның мәліметтеріне сәйкес, мегаполисте 630 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған, бұл бюджетке түсетін салық түсімдерінен айқын көрінуде. Жалпы, мегаполистегі бизнес екі жылдық пандемия мен қаңтар оқиғаларынан кейін күшейе түсті.


«Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша залалды өтеу жөніндегі өңірлік комиссия жалпы сомасы 14,2 миллиард теңгеге Info Kazakhstan порталына келіп түскен 1 580 өтінімді мақұлдады. Бүгінгі таңда бұл ақша алған және өз қызметін қалпына келтірген барлық зардап шеккен субъектілердің 98%-ын құрайды», - деп атап өтті Кәсіпкерлік және инвестициялар Басқармасы бөлім басшысының м.а. Шыңғыс Шингожинов.


Қала билігі кәсіпкерлерге қаржылық және консультациялық көмек көрсетуде. Мегаполисте «Бизнестің жол картасы», «Алматы бизнес», «Қарапайым заттар экономикасы» өңірлік және мемлекеттік бағдарламалары жұмыс істейді.

Источник: Аlmaty.tv

crossmenu