Қазан 30, 2019

Посещение Дома инвестиций ГГ

Оңтүстік астанаға сапары барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жұмысымен танысып, Алматыдағы "Инвестиция үйінің" негізгі қызметтері жөнінде толық мәлімет алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚазҰУ-да Жағдаяттық басқару орталығының жұмысымен, жоғары оқу орнының цифрлық технологияны енгізу жөніндегі жетістіктерімен, сондай-ақ, бизнес-құзыреттілікті дамыту кластерімен танысты.

Сонымен қатар, ол студенттік кампус аумағында орналасқан «Керемет» қызмет көрсету орталығын аралап көрді. Бұл орталық «бір терезе» қағидаты бойынша студенттер мен оқытушыларға 500-ден астам қызмет түрлерін ұсынады.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысына Алматы қаласындағы «Инвестиция үйінің» негізгі қызметтері жайында мәлімет берілді.

Қазақстан Президентіне кәсіпкерлікті қолдауға арналған «Qoldaý» орталығының, «Almaty Finance», «Almaty» микроқаржы ұйымдарының бизнесті өркендету бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндалды.

Сондай-ақ, ол кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған орталықтарды аралап көрген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алынған бастамалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.

Источник: Strategy2050

crossmenu