1 октября, 2024

Алматыда 420 орынды жеке мектеп салынады

Алматыда Наурызбай ауданында жаңа жекеменшік жалпы білім беретін мектептің құрылысы басталды. Бұл туралы Bizmedia.kz  хабарлады.

Жобаға "Алматы" ӘКК" АҚ еншілес компаниясы, "Almaty Finance" ЖШС қаржылай қолдау көрсете отырып, мектептің құрылысы мен жабдықталуын аяқтауға 288 миллион теңге бөлді.

"Orken Education" ЖШС-нің 200 миллион теңге меншікті қаражатын тарта отырып, құрылыс материалдарын сатып алу және бірінші қабатты тұрғызу жұмыстары басталды.

Бұл жоба жылдық 6% сыйақы мөлшерлемесін және бес жылдық өтеу мерзімін қамтитын несиелеудің тиімді шарттарын көздейтін "Almaty Business-2025" бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылуда.

Құрылыс 2025 жылдың жазында аяқталады, ал жаңа мектеп 420 оқушыны қабылдай алады деп жоспарлануда.

"Almaty Finance" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игеновтың айтуынша, бұл ғимарат ауданның қолданыстағы мектептерінен жүктемені шығарып қана қоймай, 50 жаңа жұмыс орнын ашады, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерінің ұлғаюын қамтамасыз етеді, ол өңірдің экономикалық климатына пайдалы әсерін тигізеді.

crossmenu