Алматыда дәстүрге айналған әлеуметтік жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мыңнан аса өнім түрін ұсынды, деп хабарлайды 24kz.
Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу және Медеу ауданындағы жәрмеңкедегі баға базарға қарағанда 20%-ке төмен болды. Екі күндік жәрмеңкеде 900 тоннаға жуық тауар сатылды. Мұндай жәрмеңкенің мақсаты – жергілікті фермерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын сатуға мүмкіндік беріп, қала тұрғындарына тиімді баға ұсыну.
Фарида Мугдатова, шаруа: - Биыл бірінші жыл таңқурай ектік, жақсы өнім берді. Бір жарым тонна таңқурай жинадық. Картоп қазір 200 теңге, 180 теңгелік бар. Сәбіз 180 теңге, қызылша да 180 теңгеден болады. Көкөністер жақсы өтеді, қазір маусым. Қызанақ, бұрыш, баклажан жақсы өтіп жатыр.
Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/731003-almatyda-dasturli-demalys-kuni-zarmenkesi-otti