
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 4/724 қаулысына сәйкес, «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация «Алматы» АҚ қаланың кабельдік канализация нысандарын пайдалану және қызмет көрсетуге жауапты ұйым болып белгіленді. Бұған дейін бұл функцияларды ӘКК-нің еншілес ұйымы – «ALMATY RENOVATION» ЖШС (бұрынғы «Алматы қаласы әкімдігі Құрылыстың капиталдық кәсіпорны» ЖШС) орындаған.
Берілген өкілеттіктер аясында «Алматы» ӘКК АҚ Инфрақұрылымдық жобалар департаменті келесі ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешенін іске асыруға кірісті:
Мегаполистің кабельдік канализация инфрақұрылымының жаңа жобаларына ӘКК-нің қатысуы
Қаланың инженерлік инфрақұрылымын басқаруда жүйелі және бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында «Алматы» ӘКК бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын кабельдік канализация желілерін салу, реконструкциялау және көшіру бойынша техникалық шешімдерді және жобаларды іске асыруға жәрдемдесетін болады.
Сонымен қатар, Қоғам мемлекеттік органдармен және олардың ведомстволық ұйымдарымен келесі мәселелер бойынша өзара әрекет жасайды:
Аталған шараларды іске асыру кабельдік инфрақұрылымды тиімді пайдалануды арттыруға, желілерді басқарудың ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 8 мамырдағы № 842 «Экономиканы либерализациялау шаралары туралы» Жарлығын орындау шеңберінде байланыс операторлары үшін кабельдік канализацияға тең және ашық қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Байланыс үшін:
«Алматы» ӘКК АҚ Инфрақұрылымдық жобалар департаменті
E-mail: seti.svyazi@spkalmaty.kz