«Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС – «Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы. 2018 жылдан бастап «Алматы» ӘКК» АҚ жалғыз құрылтайшысы болып табылады. Тозығы жеткен тұрғын үй қорының мәселелерін шешумен және азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартумен айналысады.
Күрделі құрылыс кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары» қаулысына сәйкес 2008 жылы 28 тамызда құрылды.