«Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі –Қоғам) төмендегі мекенжай бойынша орналасқан объектіде бірлескен инвестициялық жобаны іске асыруға қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды:
Алматы қ., Алмалы ауданы, Шевченко, Манас, Жамбыл, Байзақов көшелерінің шаршысы (кадастрлық нөмірлері 20-311-014-463, 20-311-014-461, 20-311-014-462, 20-311-014-460, 20-311-014-466) нысаналы мақсатына сәйкес (көпфункционалды тұрғын үй кешенін салу үшін).
Объектінің қысқаша сипаттамасы:
Шевченко к-сі, Байзақов к-сінен батысқа қарай жер телімінің ауданы – 0.3570 га.
Манас к-сі, Шевченко к-сінен солтүстікке қарай, Манас к-сі мен Байзақов к-сінің арасы жер телімінің ауданы – 1.3138 га.
Байзақов к-сі, Шевченко к-сінің қиылысы жер телімінің ауданы – 0.3731 га.
Шевченко, Манас, Жамбыл, Байзақов көшелерінің шаршысы жер телімінің ауданы – 0.2053 га.
Жамбыл к-сінен оңтүстікке қарай, Манас к-сінен шығысқа қарай жер телімінің ауданы – 0.9081 га.
Шевченко, Манас, Жамбыл, Байзақов көшелерінің шаршысы жалпы ауданы – 3.1573 га.
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының нарықтық құны 265 035 401 (екі жүз алпыс бес миллион отыз бес мың төрт жүз бір) теңгені құрайды.
Өтінімдер 2020 жылғы 23 желтоқсаннан бастап 6 қаңтарға (қоса алғанда) дейін қабылданады, сонымен қатар Қоғам өтінімдерді қабылдау мерзімін өз қалауы бойынша ұзартуға құқылы.
Қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі төменде бекітілген Инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу ережесінде көрсетілген (№4 қосымша).
Алғашқы кеңес алу үшін Байзақов көшесі, 303, 6 қабат, 616-кабинет мекенжайы бойынша хабарласуға болады. Жауапты қызметкер – Жобаларды және кәсіпорындарды басқару департаментінің Бас жобалау менеджері Мецгер Евгений, жұмыс телефоны + 7 (727) 225-18-91, іш. 589.
zayavka-trebuemye-dokumenty-trebovaniya-k-bp-1 pravila-rassmotreniya-i-otbora-proektov-08.06.20-1.pdf-1