21 октября, 2020

Хабарландыру әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұру тетіктерін іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінен бір килограмм үшін 235 теңге бағамен құмшекерді (ҚҚС қоса алғанда) сатып алуға өтінімдер қабылдау туралы

«Алматы» ӘКК» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің азық-түлік тауарларына баға белгілеуді бақылау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында (24.01.2020 ж.) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеу және халыққа қолжетімді өнім беру мақсатында, Алматы қаласының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарын, атап айтқанда құмшекерді сатуға дайын екендігі туралы хабарлайды.

1 Ақ қант-құмшекер - бағасы 235 тг/кг

 

Өтінімдерді қабылдау қолма-қол мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, каб. 608.

Өтінімдерді қабылдау уақыты 04.11.2020 жылға дейін, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін).

Өтінімде тауардың көлемін, өнімді өткізу орындарын, өнімді өткізу мерзімін көрсету қажет.

 

Шарттары:

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қағидаларға сәйкес»:

Ақ қант-құмшекер - сату бағасы бір килограмм үшін 235 теңге (ҚҚС қоса алғанда) алдын ала 100% төлеу шартымен.

Жоғарыда көрсетілген өнімді сатып алған жағдайда (өзі алып кету, кемінде 5 тонна) сатып алушы құмшекердің бір килограмм үшін 240 теңге бөлшек сауда бағасын ұстауы тиіс.

Кәсіпкерлік субъектісі мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

  • Кәсіпкерлік субъектілерінің меншігінде не жалға алу құқығында азық-түлік тауарларын тиісінше өндіруге және сақтауға, сондай-ақ азық-түлік тауарларының сатып алу және өзге де операцияларын орындауға арналған қойма құрылыстары мен арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын және ӘМАТ-қа бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өндірістік немесе сауда-логистикалық инфрақұрылымы болуға тиіс;
  • Кәсіпкерлік субъектілері өтінімді қарау кезінде банкроттық немесе жабылу сатысында болмауға тиіс;
  • Кәсіпкерлік субъектілері өтінімді қарау кезінде жосықсыз өнім берушілер тізімінде болмауға тиіс.

Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат талап етілуі мүмкін.

crossmenu