29 ноября, 2022

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі - ӘМАТ) бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру аясында кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру туралы хабарландыру

«Алматы» ӘКК» АҚ Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының 28.11.2022 ж. №44.3-44/1538-И тапсырма-хатын орындау мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің 14.11.2019 ж. №4/616 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) аясында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.03.2010 жылғы №145 қаулысымен бекітілген өнімдер тізбесіне ӘМАТ-ның 19 түріне бағаларды тұрақтандыру аясында кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті қарыздар беруге өтінімдер қабылдауды хабарлайды. Бекітілген өнімдер тізбесі:

1Бірінші сұрыпты бидай ұны
2Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны (қалыпты нан)
3Түтік кеспе (өлшеніп салынатын)
4Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
5Ажарланған, күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
6Картоп
7Асханалық сәбіз
8Басты пияз
9Ақбас қырыққабат
10Ақ қант – құмшекер
11Күнбағыс майы
12Сиір еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
13Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
14Пастерленген сүт, майлылығы 2,5% жұмсақ қаптама
15Айран, майлылығы 2,5% жұмсақ қаптама
16Сары май (тұздалмаған майлығы кемінде 72,5%, толықтырғыш пен өсімдік майлары қосылмаған)
17Сүзбе: майлығы 5 – 9 %
18Тауық жұмыртқасы (I санат)
19Ас тұзы («Экстра» -дан басқа)

Өтінімдер желімделген конвертте қолма-қол, Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, 1 қабат ресепшн, мекенжай бойынша немесе info@spkalmaty.kz электронды поштасына жіберу арқылы қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 29.11.2022 жылдан 29.12.2022 жылға дейін, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін).

Қарыз алу үшін өтінімде кәсіпкерлік субъектісінің деректерін, қарыз сомасын, өнімнің көлемі бойынша есепті, өткізу орындарын, өнім туралы ақпаратты, сатудың тіркелген бағаларын, өнімді өткізу мерзімін, қарызды (кепілді) қамтамасыз ету туралы мәліметтерді және т.б. көрсету қажет (үлгі қоса беріледі).

Өтініммен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде жеңілдетілген қарыз беру үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсыну керек (тізбе қоса беріледі).

Кәсіпкерлік субъектісі мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

1) Кәсіпкерлік субъектілерінің меншігінде не жалға алу құқығында азық-түлік тауарларын тиісінше өндіруге және сақтауға, сондай-ақ азық-түлік тауарларының сатып алу және өзге де операцияларын орындауға арналған қойма құрылыстары мен арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын және ӘМАТ-на бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өндірістік немесе сауда-логистикалық инфрақұрылымы болуға тиіс;

2) Кәсіпкерлік субъектілері өтінімді қарау кезінде тарату немесе банкрот болуы сатысында болмауға тиіс;

3) Кәсіпкерлік субъектілері өтінімді қарау кезінде жосықсыз өнім берушілер тізімінде болмауға тиіс.

Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат пен құжаттама талап етілуі мүмкін (өтініш берушінің қаржылық жағдайы, кредиттік тарихы және т. б.)

         Кәсіпкерлік субъектісіне қарыз беру туралы шешімді Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия қабылдайды.

          Алғашқы кеңес алу үшін Байзақов көшесі, 303, 6 қабат, 607 кабинетке хабарласуға болады. Жауапты қызметкер - Азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Аққошқаров Абзал Елденұлы, байланыс нөмірі 87014104912.

crossmenu