Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы» ӘКК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам).
Конкурстың мақсаты: санитариялық-гигиеналық инфрақұрылымды, кітапхана аймағын және қоғамдық тамақтану нүктелерін біріктіретін заманауи көпфункционалды қоғамдық кеңістікті құру үшін жеке инвестицияларды тарту мақсатында «Медеу ауданында кітапханалық аймақты, санитариялық-гигиеналық орынжайларды, жылдам тамақтану павильондарын және жазғы террасаны қамтитын, қоғамдық пайдалану объектісін салу және пайдалану, жасанды су айдыны бойындағы «Терренкур-2» саябақ аймағы» инвестициялық жобасын (бұдан әрі-Объект) іске асыру бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдау. Жобаны іске асыру қалалық ортаның өзекті қажеттіліктеріне сәйкес келетін тұрақты және инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған.
Жоба объектісінің (объектілерінің) сипаттамасы: Объект жыл бойы террасасымен пайдалануға арналған ауданы 120 м² дейінгі (орналасқан жеріне байланысты) жеке тұрған модульдік кешен болып табылады. Құрылым ыңғайлы аймақтарға бөлу арқылы «ашық қоғамдық кеңістік» қағидаты бойынша жобаланатын болады:
- Санитариялық-гигиеналық блокқа ерлер, әйелдер және әмбебап санитариялық орынжайлар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жеке кабиналар кіреді. Жабдық — антивандалды, энергияны үнемдейтін, желдету және автоматты тазалау жүйесі бар.
- Кітапхана аймағы — ашық сөрелері, оқу аймақтары және Wi-Fi-ға қосылу мүмкіндігімен ықшам кеңістік. «Буккроссинг» форматы немесе электронды терминалдармен шағын оқылым мүмкін.
- Жылдам тамақтану павильондары периметрі бойынша немесе жеке модульдерде орналастырылған. Келушілер үшін шығару аймағы (шатырлар астындағы үстелдер), сусындар, снэктер, фаст-фуд немесе жергілікті көше тағамдары бар нүктелер көзделген.
Объект тұрақты материалдарды, энергияны үнемдейтін жүйелерді (жарықтандыру, жылыту, сумен жабдықтау) пайдалана отырып ресімделеді және әртүрлі климаттық және урбанистік жағдайларға бейімделуі мүмкін.
Объектілердің орналасуы және саны:
- №1 жер учаскесі, Қоғамдық пайдалану объектісі
- Достық даңғылы, Терренкур саябақ аймағы;
- географиялық координаталары: N 43.205517, E 76.975945;
- ауданы кемінде – 120 шаршы метр.
- №2 жер учаскесі, Терраса
- Достық даңғылы, Терренкур саябақ аймағы;
- географиялық координаталары: N 43.205983, E 76.975394;
- ауданы кемінде – 120 шаршы метр.
Жобада мынадай нысаналы талаптар көзделген:
Инвестициялардың қажетті ең төменгі көлемі – террасасы бар объектіге кемінде 100 (жүз) млн. теңге.
- Объектінің сыртқы түрі мен құрылымы келісілген эскиздегідей болуы және Алматы қаласын ресімдеу ережелеріне (дизайн-кодына) сәйкес келуі тиіс.
- Қала әкімдігінің уәкілетті Басқармасының талаптарына сәйкес іргелес аумақты абаттандыру;
- Инвестор объектіні осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шеңберінде – кітапхана аймағын, санитариялық-гигиеналық орынжайларды және жылдам тамақтану павильондарын қамтитын қоғамдық пайдалану объектісі шеңберінде ғана пайдалануға міндетті.
- Болашақ объектінің тұжырымдамасы мақсаттардың, функционалдылықтың, жоспарланған қызметтің және күтілетін әлеуметтік әсердің нақты сипаттамасын қамтуы керек. Әлеуетті инвестор болашақ объектінің тұжырымдамасын, оның ішінде қызметтің, қызмет түрлерінің және іс-шаралардың сипаттамасын дайындап, Қоғаммен келісуі керек.
- Объектіні пайдалануға беру мерзімдері:
- Құрылыстың басталуы — 2025 жылғы III тоқсан;
- 2026 жылдың II тоқсанының соңында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
- Конкурс туралы хабарландыру:
- Қоғам spkalmaty.kz сайтында жобаны іске асыру бойынша серіктес ретінде әлеуетті инвесторды айқындау мақсатында ашық конкурс жариялайды;
- ӘКК, «Алматы қаласының туризм басқармасы» КММ (бұдан әрі – ТБ), «Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ (бұдан әрі - КИБ), «Алматы қаласының Медеу ауданы әкімінің аппараты» КММ (бұдан әрі – Медеу ауданының әкімдігі), «Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» КММ (бұдан әрі-ҚЖУБ) өкілдерінен келісім бойынша Қоғамның Бұйрығымен құрылатын конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) конкурс өтінімдерін қарайды және қорытынды шығарады.
- Конкурсқа өтінімдерді ресімдеуге және беруге қойылатын талаптар:
- Комиссияның өтінімді қарауы үшін әлеуетті инвесторға келесі ақпаратты көрсете отырып, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 6 қабат, 617 кабинет мекенжайы бойынша конкурс шарттарына №2 қосымшаға сәйкес құжаттардың түпнұсқалары бар мөрленген пакетті ұсыну қажет: компанияның атауы, кері мекенжайы, конкурстың атауы;
- Құжаттардың электрондық көшірмесін info@spkalmaty.kz электрондық поштасына «Медеу ауданында кітапхана аймағын, санитариялық-гигиеналық орынжайларды және жылдам тамақтану павильондарын және жазғы террасаны қамтитын қоғамдық пайдалану объектісін салу және пайдалану, «Терренкур-2» саябақ аймағы» инвестициялық жобасын бірлесіп іске асыру жөніндегі конкурсқа өтінім» хатының тақырыбымен жолдау қажет;
- Мөрленбеген, бүлінген немесе дұрыс ресімделмеген құжаттар пакеттері (конверт) қабылданбайды. Құжаттарды қабылдау туралы белгі қабылдау парағында ресімделеді;
- Егер өтінімді өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы өтініш Қоғамға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін келіп түскен жағдайда, инвестор конкурсқа қатысуға өтінімді өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
- Конкурс қорытындысын шығару:
- Берілген өтінімдерді конкурстық комиссияның хатшысы қалыптастырады және конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен ашады;
- Конверттерді ашқаннан кейін берілген құжаттар туралы ақпарат хаттамалық түрде толтырылады. Барлық құжаттар болған және конкурс шарттарына және біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, конкурс шарттарына №1 және №2 қосымшаларға сәйкес хатшы өтінімді және құжаттар пакетін конкурстық комиссияның қарауына жібереді;
- Ұсынылған құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда және өтінім біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда (№1 және №2 қосымшалар) комиссия хатшысы конкурстық өтінімді одан әрі қараусыз қабылдамау туралы мәселені конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына шығарады;
- Конкурстық комиссия жіберілген өтінімдер бойынша құжаттарды қарайды, мәлімделген инвестициялар мен жоба тұжырымдамаларын салыстырады. Жеңімпазды объективті және әділ анықтау үшін әлеуетті инвесторлар болжамды инвестицияларды көрсете отырып, инвестициялық ұсыныстар береді.
- Жеңімпаз өтінімдердегі инвестициялық ұсыныстарды салыстыру арқылы анықталады.
- Инвестициялық ұсыныста ең көп соманы ұсынған, бірақ террасасы бар объектіге кемінде 100 (жүз) млн. теңге ұсынған әлеуетті инвестор-конкурстың жеңімпазы деп жарияланады.
- Инвестициялар көлемі тең болған жағдайда, жеңімпазды таңдаудың қосымша критерийі Қоғамның атына жобаны сүйемелдеу үшін ұсынылатын ең жоғары ай сайынғы төлем, бірақ әрбір жер учаскесі үшін ҚҚС қоса алғанда, кемінде 100 000 (жүз мың) теңге болады.
- Конкурстық комиссия жеңімпазды айқындау кезінде шешім шығару үшін қажет болуы мүмкін өзге де талаптар қоюға құқылы;
- Конкурстық комиссияның отырысын сырттай өткізуге немесе оның жекелеген мүшелерінің сырттай қатысуына жол берілмейді;
- Комиссия инвесторларға конкурстан өткені немесе өтпегені туралы хабарлама жібереді.
Конкурстық комиссия:
- ұсынылған өтінім бойынша шешім қабылдау үшін қажетті қосымша құжаттарды, ақпаратты сұрату;
- конкурс шарттарына сәйкес келмейтін және өтінімдерді берудің белгіленген мерзімінен кейін конкурсқа қатысуға түскен өтінімдерді қабылдамау;
- қайта хабарландыру кезінде конкурсқа қатысуға өтінімдер болмаған жағдайда конкурс шарттарына немесе біліктілік талаптарына өзгерістер енгізу;
- конкурсқа қатысуға алынған жалғыз өтінімді қарау және конкурстың шарттарына (талаптарына) сәйкес келген кезде конкурсқа жіберу;
- конкурс аяқталғанға дейін конкурсты өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
Конкурсты өткізу мерзімдері:
- Конкурсқа қатысуға өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап беріледі және тапсырудың соңғы күні сағат 17:00-ге дейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жалғасады.
- Өтінімдерді қарау және бағалау өтінімдерді беру мерзімі аяқталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
- Конкурстың қорытындысын шығару және жеңімпазды анықтау бағалау рәсімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
- Конкурс жеңімпазын ресми хабарландыру - конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Қоғам және/немесе Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың барлығын хабардар ете отырып, конкурс мерзімдерін біржақты тәртіппен ұзарту немесе өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Жобаны іске асыру механизмі:
- Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпазбен көпжақты жобалық келісім жасалады, оған сәйкес Қоғам жобаны іске асыру және оны үйлестіру жөніндегі уәкілетті ұйым ретінде айқындалады;
- Инвестордың салымы – бөлінген пилоттық учаскелерде кітапхана аймағы бар қоғамдық дәретханалар мен жылдам тамақтану павильондарын салу бөлігінде Жобаны бірлесіп іске асыруға арналған қаржы қаражаты;
- Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері өз құзыреттері шеңберінде жобаны іске асыруға қатысады;
- Инвестор құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарын, қажетті сыртқы инженерлік желілерге қосылуды және іргелес аумақты абаттандыруды жүргізеді;
- Инвестор Қоғаммен бірлесіп сыртқы инженерлік желілерге қосылу бойынша техникалық шарттарды алуға өтінімдер береді;
- Инвестор құрылысты аяқтайды және объектіні пайдалануға береді, ұсынылған тұжырымдамаға сәйкес Қоғам мен УПиИ пайдалануға берілген объектілерді жұмысқа қабылдайды;
- Жобалық келісімнің қолданылу кезеңінде объектілерді пайдалануды және оларға қызмет көрсетуді Инвестор қамтамасыз етеді;
- Инвестор тоқсан сайын әр объектінің негізгі қызметі бойынша есептерді ұсынуға міндеттенеді (нысаны мен кезеңділігі бөлек талқыланады);
- Инвестор жобалық келісім жасалған сәттен бастап берілген әрбір жер учаскесі үшін ҚҚС қоса алғанда, Қоғамның атына жобаны сүйемелдеу үшін ай сайынғы төлемдерді кемінде 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде төлейді;
- Жобалық келісімнің мерзімі - 10 (он) жылдан аспайды;
- Инвестордың жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін оның жобалық келісімді ұзартуға басым құқығы бар.
Қоғамның байланыс деректері:
Кеңес алу үшін Байзақов көшесі, 303, 6 қабат, 617 кабинет мекенжайына хабарласуға болады.
Жауапты қызметкер - Жобалармен жұмыс департаментінің бас менеджері Атайбеков Айдос, байланыс телефоны +7 706 407 07 00.
Қосымшалар:
| №1 қосымша |
Әлеуетті инвесторларға қойылатын біліктілік талаптары |
| №2 қосымша |
Конкурстың бірінші және екінші кезеңдері үшін өтінімдегі құжаттар тізбесі |
| №3 қосымша |
Бірлескен жобаны қарауға өтінім нысаны |
| №4 қосымша |
Инвестициялық ұсынысты қарауға өтінім нысаны |
| №5 қосымша |
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім |
| №6 қосымша |
Әлеуетті серіктестерге арналған «Өз клиентіңді біл» (KYC процедуралары) процедурасының сауалнамасы |
| №7 қосымша |
Қоғамның реквизиттері |
№1 қосымша
Әлеуетті инвесторларға қойылатын біліктілік талаптары.
Әлеуетті инвесторларды іріктеу жөніндегі конкурсқа өтініш берушілер үшін біліктілік талаптары:
- Дара кәсіпкерді, заңды тұлғаны және консорциум мүшелерін (консорциум келісімі кезінде) өтінім беру күнінің алдындағы кемінде 6 ай мемлекеттік тіркеудің болуы;
- Банкроттықтың және/немесе таратудың, оңалтудың ағымдағы рәсімдерінің болмауы. Өтінім берген сәтте инвестор соттағы іс жүргізу тарабы болып табылмайды, инвесторға және оның мүлігіне атқарушылық іс жүргізу жүргізіліп жатқан жоқ. Инвестор және оның басшылары, құрылтайшылары терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілмеген болуы керек;
- Қаржылық есептілікке сәйкес өтінім беру күнінің алдындағы әлеуетті инвестордың немесе оның еншілес, үлестес кәсіпорнының (жобаға қатысқан жағдайда) соңғы 2 жылындағы және соңғы есепті кезеңіндегі залалсыз қызмет. Заңды тұлғаны тіркеу мерзімі 2 жылдан кем болған жағдайда, ол тіркелген кезден бастап барлық кезеңдегі залалсыз қызметті көрсететін құжаттармен қамтамасыз ету;
- Салықтар және өзге де міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің, сондай-ақ қаржы ұйымдары алдындағы мерзімі өткен берешектің болмауы;
- Тиісті жылға бекітілген 300 АЕК мөлшерінде кепілдік қамтамасыз етуді ұсыну. Кепілдік қамтамасыз ету Қоғамның банктік шотына аударылады және егер әлеуетті инвестор одан әрі қатысудан бас тартса, қайтарылуы мүмкін. Әлеуетті инвестор жеңімпаз деп танылған және Қоғаммен шарттық қатынастар жасалған кезде, кепілдік жарна инвестордың жоба бойынша Қоғам алдындағы барлық міндеттемелері орындалғаннан кейін қайтарылуға жатады.
- Бірлескен инвестициялық жобаның бизнес-жоспары мен қаржылық моделінің болуы;
- Мақсаттардың, функционалдылықтың, жоспарланған қызметтің, күтілетін әлеуметтік әсердің нақты сипаттамасын қамтуы тиіс бірлескен инвестициялық жоба тұжырымдамасының болуы;
- Орынжайлардың алдын ала эскиздік жобасының және құрылыс жұмыстарының алдын ала сметасының болуы;
- Бизнес-жоспарда көрсетілгеннен кем емес сомада жобаны іске асыру үшін меншікті немесе қарыз қаражатының болуы құжатпен расталуы тиіс
№2 қосымша
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі
Әлеуетті инвесторларды іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- Конкурс шарттарына №3 қосымшаға сәйкес ресімделген инвестициялық жобаны іске асыруға өтінім;
- Заңды тұлғалар үшін – құрылтайшылар құрамын көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама; жарғы( барлық өзгерістермен және толықтырулармен); құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің, бірінші басшының жеке куәліктерінің көшірмелері; қаржы және заң құжаттарына қол қою құқығымен бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және бірінші басшының өкілеттігін растайтын өзге де құжаттар;
- Жеке кәсіпкерлер үшін – жеке куәліктің көшірмесі, ДК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (егер ол міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын болса);
- Салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
- Салық декларацияларының көшірмелерін қоса бере отырып, соңғы 2 жылдағы және соңғы есепті кезеңдегі қаржылық есептілік (түпнұсқасы қағаз жеткізгіште және электрондық форматта);
- Әлеуетті инвесторға Бірінші кредиттік бюроның есебін алуға келісім;
- Инвестордың үлестес тұлғаларының тізілімі;
- Кепілдік қамтамасыз етуді Қоғамның есеп айырысу шотына аударуды растайтын құжат;
- Жобаны қаржыландыру көздерінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері (ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірмелер, қаржы ұйымының уәкілетті органының қарыз қаражатын беру туралы шешімі, өзге де растайтын құжаттар);
- Жоба тұжырымдамасы және алдын ала эскиздік жоба (мақсатты орынжайлардың қасбеті мен дизайны);
- Құрылыс жұмыстарының алдын-ала сметасы;
- Қағаз және электрондық тасымалдағыштарда қаржы-экономикалық моделі бар бизнес-жоспар (MS Word, Excel-де);
- Конкурс шарттарына №4 қосымшаға сәйкес ресімделген инвестициялардың мәлімделген сомасын және Қоғамның инвестициялық табысын қамтитын инвестициялық ұсыныс;
- Өтінімді қарау барысында Қоғам / Комиссия қосымша құжаттарды, ақпаратты сұратуға құқылы.
№3 қосымша
ФИРМАЛЫҚ БЛАНКІДЕ (БАР БОЛСА)
«Алматы» ӘКК» АҚ
Басқарма төрағасына
Бірлескен жобаны қарауға
ӨТІНІМ
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (БСН/ЖСН) атауы «Медеу ауданында кітапхана аймағын, санитариялық-гигиеналық орынжайларды және жылдам тамақтану павильондарын, жазғы террасаны қамтитын қоғамдық пайдалану объектісін салу және пайдалану, «Терренкур-2» саябақ аймағы» инвестициялық жобасын бірлесіп іске асыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін сізге құжаттар пакетін (электрондық форматта) қарау үшін жолдап отыр.
Бірінші басшы аты-жөні қолы мөрі күні
№4 қосымша
ФИРМАЛЫҚ БЛАНКІДЕ (БАР БОЛСА)
«Алматы» ӘКК» АҚ
Басқарма төрағасына
Бірлескен инвестициялық жобаны қарау жөніндегі өтініміне
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҰСЫНЫС
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (БСН/ЖСН) атауы «Медеу ауданында кітапхана аймағын, санитариялық-гигиеналық орынжайларды және жылдам тамақтану павильондарын қамтитын қоғамдық пайдалану объектісін салу және пайдалану, «Терренкур-2» саябақ аймағы» конкурсына қатысу үшін шартсыз инвестициялық ұсынысты қарауға ұсынады.
| № р/с |
Өтінім |
Көрсеткіш |
| 1. |
Жоба бойынша мәлімделген инвестициялар көлемі |
кемінде __________ млн.тг.
|
| 2. |
Әрбір жер учаскесі үшін ҚҚС қоса алғанда, Қоғамның атына жобаны сүйемелдеу үшін ай сайынғы төлем. |
кемінде __________ мың тг.
|
Бірінші басшы Аты-жөні Күні
№5 қосымша
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
Алматы қ. «___» ________2025 ж.
Мен, ______________________, жеке куәлік №______________, __________ жылы __________ берген,
«Алматы» ӘКК» АҚ-қа (бұдан әрі - Қоғам) дербес деректерді жинауға және өңдеуге (жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау, жаңарту, өзгерту, пайдалану) келісім беремін.
Бұл ретте, мен, дербес деректер субъектісі ретінде мынадай деректерді өңдеуге келісемін: тегі, аты, әкесінің аты; туған күні; мекенжайы; отбасылық жағдайы; фотосуреті, паспорттық деректері: а) құжаттың түрі; б) құжаттың сериясы мен нөмірі; в) құжатты берген орган: - атауы; - коды; г) құжаттың берілген күні; д) жеке сәйкестендіру нөмірі; тұрғылықты жерін тіркеу мекенжайы; нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы; жынысы; байланыс телефонының нөмірі; еңбек қызметі туралы мәліметтер; отбасылық жағдайы.
Осы келісімді 10 (он) жыл мерзімге беремін.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен Қоғамға жазбаша өтініш жасау арқылы дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді кері қайтарып алу құқығын өзіме қалдырамын.
Менің жазбаша талабым бойынша дербес деректерді жою туралы хабарлама Қоғамның оқшауланған бөлімшесінің орналасқан жері бойынша маған (менің өкіліме) тапсырылатыны хабарланды.
Дербес деректер субъектісінің қолы:
________________________ҚОЛЫ ________________________КҮНІ
№6 қосымша
Әлеуетті серіктестерге арналған
«Өз клиентіңді біл» (KYC процедуралары) процедурасының сауалнамасы
Құрметті Өтініш беруші! Қазақстан Республикасының халықаралық стандарттары мен нормативтік актілеріне сәйкес «Алматы» ӘКК» АҚ (бұдан әрі мәтінде – Қоғам) Сізден осы сауалнамада сұралған ақпаратты алуға міндетті. Қоғам қол қойылған коммерциялық құпияны (құпия ақпаратты) таратпау туралы келісімге сәйкес алынған ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді. Сауалнаманың барлық жолдарын толық және адал толтыруыңызды сұраймыз. Қоғам Сізге сауалнаманы толтырудағы түсіністік пен ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді.
| Жалпы ақпарат |
|
| 1. Заңды тұлғаның толық атауы |
|
|
| 2. БСН / ЖСН |
|
|
| 3. Тіркелген күні |
|
|
| 2. Заңды мекен-жайы |
|
|
| 3. Нақты мекен-жайы |
|
|
| 4. Бірінші басшының аты-жөні / байланыс деректері |
|
|
| 4. Орындаушының аты-жөні / байланыс деректері |
|
|
| 6. Құрылтайшы (Аты-жөні) |
|
|
| 7. Ұйымдық-құқықтық нысаны |
|
|
| 8. Қызмет түрі |
|
|
| 9. Ұйымыңыздың филиалдары немесе өкілдіктері бар ма |
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Меншік және басқару құрылымы |
| 10. Акционерлердің немесе бенефициарлық иелердің тізімін көрсетуді сұраймыз: |
| Акционердің/бенефициарлық иеленушінің(лердің) атауы |
% |
| |
|
| |
|
| 11. Басшылықтың тізімін көрсетуді сұраймыз: |
|
| |
|
| 12. Акционерлік капиталға қатысу деңгейін көрсете отырып, еншілес компаниялардың/қатысу үлестерінің тізімін көрсетуді сұраймыз |
|
| Еншілес компаниялар/қатысу үлестері |
% |
| |
|
| |
|
Бірінші басшы Аты-жөні Күні
№7 қосымша
«Алматы» ӘКК» АҚ реквизиттері
«Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік:
31.03.2011 жылғы 551-1910-02-АО, бастапқы тіркелген күні 27.08.2010ж.
Заңды мекен-жайы: 050040, Алматы қ., Байзақов к-сі, 303.
СТТН 600400621639
БСН 100840016104
Кбе17
Банктік реквизиттері: е/ш KZ676017131000030012, Қазақстан Халық Банкі АҚ банкінде, БСК HSBKKZKX
info@spkalmaty.kz