ХАБАРЛАНДЫРУ
Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы» ӘКК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам)
Конкурстың мақсаты: қалалық ортаның сапасын қамтамасыз ету, қазіргі заманғы стандарттар мен талаптарды ескере отырып, көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі және орта мерзімді перспективалардың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында айқындалған «Тұрақты экономикалық өсім» мақсаты шеңберінде Алматы қаласының тұрғындары үшін тапсырыстарды беру бекеттерінің (бұдан әрі – ТББ) қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Көлік – аялдама кешендерінде тапсырыстар беру бекеттерін салу» инвестициялық жобасын (бұдан әрі - Жоба) іске асыру үшін инвесторды айқындау.
Жоба объекті(тер)сінің сипаттамасы: ТББ – бұл «Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ (бұдан әрі - КИБ) құқық иесі болып табылатын 11 (он бір) жер учаскесіне, Алматы қаласындағы шағын оқшауланған және үлкен аялдама кешендерінің қоғамдық көлік аялдамаларына тікелей жақын жерде орнатылатын жеке тұрған құрылыстар немесе жапсаржайлар. Әр жер учаскесінің ауданы 25-тен 80 шаршы метрге дейін.
Жобада мынадай нысаналы талаптар көзделген:
- Инвестициялардың қажетті ең төменгі көлемі – бір ТББ-ға (құрылыс, инженерлік коммуникациялар, абаттандыру, желілерге қосылу және жарақтандыру, соның ішінде АТ-инфрақұрылым, кондиционерлеу, жарықтандыру, қауіпсіздік және т.б.) 50 (елу) млн. теңге есебінен ҚҚС есептемегенде кемінде 550 (бес жүз елу) млн. теңге.
- Тізімге сәйкес ТББ орналастыру мекенжайлары мен саны (конкурс шарттарына №4 қосымша);
- Сыртқы түрі мен конфигурациясы Алматы қаласының бекітілген эскизі мен дизайн-кодына сәйкес келуі тиіс;
- Қала әкімдігінің уәкілетті Басқармасының талаптарына сәйкес іргелес аумақты абаттандыру;
- Инвестор объектіні тек осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шеңберінде – ТББ үшін объектіні пайдалануға міндетті. Болашақ объектінің тұжырымдамасы мақсаттардың, функционалдылықтың, жоспарланған қызметтің және күтілетін әлеуметтік әсердің нақты сипаттамасын қамтуы керек. Әлеуетті инвестор болашақ объектінің тұжырымдамасын, оның ішінде қызметтің, қызмет түрлерінің және іс-шаралардың сипаттамасын дайындап, келісуі керек;
- ТББ пайдалануға беру мерзімдері:
- Бірінші кезең (50% ТББ) - 2025 жылдың IV тоқсанының соңында жоспарлы пайдалануға беру;
- Екінші кезең (қалған 50% ТББ) - 2026 жылдың IV тоқсанының соңында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Бұл мерзімдер жобалық келісімнің талаптарын орындау үшін міндетті болып табылады және оларды сақтамау жобалық келісімді бұзу үшін негіз болып табылады.
Өтінімдерді қарауды және конкурстың қорытындыларын шығаруды қоғамның және КИБ өкілдерінен келісім бойынша Қоғамның бұйрығымен құрылатын конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.
Конкурсты өткізу кезеңдері:
- 1 кезең – «Біліктілік іріктеу», әлеуетті инвесторлардың (заңды тұлғалардың, консорциумдардың, жеке кәсіпкерлердің) өтінімдерін Комиссия қарайды және №1 қосымшаның 1-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда конкурстың екінші кезеңіне жіберіледі;
- 2 кезең – «Конкурс қорытындысы», конкурстың екінші кезеңіне өтінімдерде «кем емес» деген белгісі бар болжамды инвестициялар туралы ақпарат қамтылуға тиіс және Комиссия оларды инвестор №1 қосымшаның 2-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда қарайды.
Конкурсты өткізу мерзімдері:
- Конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға өтінімдер 05.2025 ж. бастап 02.06.2025 ж. қоса сағат 15:00-ге дейін (сегіз күнтізбелік күн) беріледі;
- Өтінімдерді бірінші кезең бойынша қарау мерзімі 06.2025 ж. бастап 10.06.2025 ж. қоса (бес жұмыс күні);
- Екінші кезеңге жіберілген әлеуетті инвесторлар туралы хабарландыру - 06.2025 ж. (бір жұмыс күні);
- Жеңімпаздарды анықтауға арналған конкурстың екінші кезеңіне қатысуға өтінімдер қоғамнан өткен әлеуетті инвесторлардың атына екінші кезеңнің басталғаны туралы хабарланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде біліктілік іріктеу туралы хабарламадан кейін қабылданады;
- Конкурстың қорытындысын шығару 5 (бес) жұмыс күні;
- Екінші кезеңнің және барлық конкурстың жеңімпаздары туралы хабарландыру - 3 (үш) жұмыс күні.
Бұл ретте Комиссия конкурс мерзімін ұзарту құқығын өзіне қалдырады.
Конкурстық комиссия:
- ұсынылған өтінім бойынша шешім қабылдау үшін қажетті қосымша құжаттарды, ақпаратты сұратуға;
- конкурс шарттарына сәйкес келмейтін және өтінімдерді берудің белгіленген мерзімінен кейін конкурсқа қатысуға түскен өтінімдерді қабылдамауға;
- қайта хабарландыру кезінде конкурсқа қатысуға өтінімдер болмаған жағдайда конкурс шарттарына немесе біліктілік талаптарына өзгерістер енгізуге;
- конкурс шарттарына (талаптарына) сәйкес келген кезде конкурсқа қатысуға алынған жалғыз өтінімді қарауға;
- конкурс аяқталғанға дейін конкурс өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
Жобаны іске асыру тетігі:
- Қоғам жобаның үйлестірушісі болып табылатын қоғам, КИБ және инвестор арасында жобалық келісім жасасу, КИБ Жер учаскелерімен қатысады, инвестор өзінің және/немесе қарыз қаражаты есебінен ТББ салу мен пайдалануды жүзеге асырады;
- Инвестор құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарын, қажетті сыртқы инженерлік желілерге қосылуды және іргелес аумақты абаттандыруды жүргізеді;
- Инвестор Қоғаммен бірлесіп сыртқы инженерлік желілерге қосылу бойынша техникалық шарттарды алуға өтінімдер беруді қамтамасыз етеді;
- Құрылыс аяқталғаннан кейін Инвестор қоғамға және КИБ-ке хабарлайды. Қабылдау объектінің келісілген тұжырымдамаға, эскиздік жобаға және техникалық шарттарға сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі;
- Жобалық Келісімнің қолданылу кезеңінде объектілерді пайдалану мен қызмет көрсетуді Инвестор қамтамасыз етеді;
- Инвестор тоқсан сайын әрбір ТББ-ның негізгі қызметі бойынша есептерді ұсынуға міндеттенеді (нысаны мен кезеңділігі бөлек талқыланады);
- Инвестор жобалық келісім жасалған сәттен бастап берілген әрбір жер учаскесі үшін ҚҚС қоса алғанда, Қоғамның атына жобаны сүйемелдеу үшін кемінде 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде ай сайынғы төлемдерді төлейді;
- Жобалық келісімнің мерзімі - кемінде 10 жыл;
- Инвестордың жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін оның жобалық келісімді ұзартуға басым құқығы бар.
Әлеуетті инвесторларды іріктеу және қорытындылау қағидалары
- Бірінші кезеңге өтінімдерді ресімдеуге және беруге қойылатын талаптар:
- Комиссияның бастапқы өтінімді қарауы үшін әлеуетті инвесторға №2 қосымшаның 1-тармағына сәйкес электрондық форматта құжаттар топтамасын ұсыну қажет.
- Құжаттар топтамасы «Көлік-аялдама кешендерінде тапсырыстарды беру бекететрін салу» конкурсына қатысуға өтінім» хатының тақырыбымен info@spkalmaty.kz электрондық поштасына жіберіледі
- Комиссия әлеуетті инвесторлардың өтінімдерін қарайды және екінші кезеңге өткен инвесторлардың біліктілік талаптарына рұқсат беруді айқындайды, инвесторларға екінші кезеңге өткені немесе өтпегені туралы хабарлама жібереді.
- Екінші кезеңге өтінімдерді ресімдеуге және беруге қойылатын талаптар:
- Әлеуетті инвесторлардың құжаттар топтамасын қарағаннан кейін Комиссия №1 қосымшаның 1-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті инвесторларды екінші кезеңге жібереді.
- Екінші кезеңге арналған өтінімде әлеуетті инвестор инвестициялық ұсыныста № 3.2 қосымшаға сәйкес «кемінде» деген белгісі бар Бизнес-жоспардағы есеп айырысуларға сәйкес мәлімделген инвестициялардың сомасын көрсетеді
- Әлеуетті инвесторлар «Компанияның атауы, «Көлік-аялдама кешендерінде тапсырыстар беру пункттері» инвестициялық жобаны іске асыруға арналған КОНКУРСТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ӨТІНІМ». Конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламаға сәйкес есептік күнді көрсете отырып, сағат 15:00-ге дейін ашпаңыз. Өтінімдері бар конверттерді ашу комиссияның қатысуымен жүргізіледі деген белгісі бар №2 қосымшаға сәйкес екінші кезеңге қосымша құжаттармен бірге құжаттардың түпнұсқалары (бірінші кезеңге бұрын берілген электрондық көшірмелері) бар мөрленген пакетті Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 6 қабат, 610 кабинет мекенжайы бойынша жібереді.
- Мөрленбеген, бүлінген немесе дұрыс ресімделмеген құжаттар пакеттері (конверт) қабылданбайды. Құжаттарды қабылдау туралы белгі қабылдау парағында ресімделеді.
- Егер өтінімді өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы өтініш қоғамға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін келіп түскен жағдайда, Инвестор конкурсқа қатысуға өтінімді өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
- Екінші кезең жеңімпазын анықтау ережесі:
- Жеңімпазды объективті және әділ анықтау үшін әлеуетті инвесторлар болжамды инвестицияларды көрсете отырып, инвестициялық ұсыныстар береді.
- Жеңімпаз екінші кезеңге берілген өтінімдердегі инвестициялық ұсыныстарды салыстыру арқылы анықталады.
- Инвестициялық ұсыныста ең көп соманы ұсынған, бірақ бір ТББ-ға 50 (елу) млн.теңгеден кем емес әлеуетті инвестор конкурстың жеңімпазы болып жарияланады.
- Инвестициялар көлемі тең болған жағдайда, жеңімпазды таңдаудың қосымша критерийі қоғамның атына жобаны сүйемелдеу үшін ұсынылатын ең жоғары ай сайынғы төлем, бірақ әрбір жер учаскесі үшін ҚҚС қоса алғанда, кемінде 50 000 (елу мың) теңге болады.
Қоғаммен байланыс:
Кеңес алу үшін Байзақов көшесі, 303, 6 қабат, 622 кабинет мекенжайына хабарласуға болады.
Жауапты қызметкер – жобалармен жұмыс департаментінің бас менеджері-Атайбеков Айдос Әбілқасымұлы, байланыс телефоны +7 706 407 07 00.
Қосымшалар:
| №1 қосымша |
Әлеуетті инвесторларға қойылатын біліктілік талаптары |
| №2 қосымша |
Конкурстың бірінші және екінші кезеңдері үшін өтінімдегі құжаттар тізбесі |
| №3 қосымша |
Бірлескен жобаны қарауға өтінім нысаны 1 кезең |
| №3.1. қомсымша |
Бірлескен жобаны қарауға өтінім нысаны 2 кезең |
| №3.2. қосымша |
Инвестициялық ұсынысты қарауға өтінім нысаны |
| № 4 қосымша |
Орналастыру мекенжайлары және тапсырыстарды беру пункттерінің саны |
| №5 қосымша |
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім |
| №6 қосымша |
Әлеуетті серіктестерге арналған "өз клиентіңізді біліңіз" (KYC процедуралары) процедурасының сауалнамасы |
| №7 қосымша |
Қоғамның деректемелері |
№1 қосымша
Әлеуетті инвесторларға қойылатын біліктілік талаптары
- Әлеуетті инвесторларды іріктеу бойынша конкурстың бірінші кезеңіне қойылатын біліктілік талаптары:
- Жеке кәсіпкерді, заңды тұлғаны және консорциум мүшелерін (консорциум келісімі болған кезде) өтінім беру күнінің алдындағы кемінде 6 ай бұрын мемлекеттік тіркеудің болуы;
- Банкроттықтың және/немесе таратудың, оңалтудың ағымдағы рәсімдерінің болмауы. Өтінім берген сәтте Инвестор сот талқылауында тарап болып табылмайды, Инвесторға және оның мүлкіне атқарушылық іс жүргізілмеуі тиіс. Инвестор және оның басшылары, құрылтайшылары терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілмеуі тиіс;
- Қаржылық есептілікке сәйкес әлеуетті инвестордың немесе оның еншілес, үлестес кәсіпорнының өтінім беру күнінің алдында және соңғы 2 жылындағы және соңғы есепті кезеңіндегі залалсыз қызметі. Заңды тұлғаны тіркеу мерзімі 2 жылдан кем болған жағдайда ол тіркелген кезден бастап барлық кезеңдегі залалсыз қызметті көрсететін құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс;
- Салықтар және өзге де міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің, сондай-ақ қаржы ұйымдары алдындағы мерзімі өткен берешектің болмауы;
- Тиісті жылға бекітілген 600 АЕК мөлшерінде кепілдік қамтамасыз етуді ұсынылуы. Кепілдік қамтамасыз ету Қоғамның банктік шотына аударылады және егер әлеуетті инвестор одан әрі қатысудан бас тартса, қайтарылуы мүмкін. Әлеуетті инвестор жеңімпаз деп танылған және Қоғаммен шарттық қатынастар жасалған кезде кепілдік жарна инвестордың Жоба бойынша Қоғам алдындағы барлық міндеттемелері орындалғаннан кейін қайтарылуға жатады.
- Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген әлеуетті инвесторлар үшін біліктілік талаптары:
- Бірлескен инвестициялық жобаның бизнес-жоспары мен қаржылық моделінің болуы;
- Мақсаттардың, функционалдылықтың, жоспарланған қызметтің, күтілетін әлеуметтік әсердің нақты сипаттамасын қамтуы тиіс бірлескен инвестициялық жоба тұжырымдамасының болуы;
- Эскиздік жобаның болуы;
- Үй-жайлардың мақсаты жобалық құжаттамада көзделген мақсаттармен қатаң шектеледі, яғни.тапсырыс беру пункттері. Объектілерді пайдалануға жобаның келісілген тұжырымдамасына сәйкес келетін логистикалық, курьерлік және ілеспе қызмет шеңберінде ғана жол беріледі;
- Өтінімге сәйкес болжамды Инвестициялар сомасының кемінде 100% мөлшерінде меншікті немесе қарыз қаражатының болуы, оның ішінде жабдықтарды сатып алуға/өндіруге, дайындық жұмыстарына, ҚМЖ және инженерлік желілерге қосу бойынша техникалық шарттарды орындауға (кілтпен).
№2 қосымша
- Әлеуетті инвесторларды іріктеу бойынша конкурстың бірінші кезеңі үшін қажетті құжаттар тізбесі
- Конкурс шарттарына №3 қосымшаға сәйкес ресімделген инвестициялық жобаны іске асыруға өтінім;
- Заңды тұлғалар үшін - құрылтайшылар құрамын көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама; жарғы (барлық өзгерістермен және толықтырулармен); құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің, бірінші басшының жеке куәліктерінің көшірмелері; бірінші басшының қаржылық, заң құжаттарына және өкілеттіктерін растайтын өзге де құжаттарға қол қою құқығымен бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
- Жеке кәсіпкерлер үшін - жеке куәліктің көшірмесі, ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (егер ол міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын болса);
- Салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
- Салық декларацияларының көшірмелерін қоса бере отырып, соңғы 2 жылдағы және соңғы есепті кезеңдегі қаржылық есептілік (түпнұсқасы қағаз жеткізгіште және электрондық форматта);
- Әлеуетті инвестордың Бірінші кредиттік бюроның есебін алуға келісімі;
- Инвестордың үлестес тұлғаларының тізілімі;
- Кепілдік қамтамасыз етуді Қоғамның есеп айырысу шотына аудару туралы растайтын құжат;
* өтінімді қарау барысында Қоғам / Комиссия қосымша құжаттарды, ақпаратты сұратуға құқылы.
- Жеңімпазды анықтау бойынша конкурстың екінші кезеңін өткізу үшін қажетті құжаттар тізбесі
- Конкурс шарттарына №3.1 қосымшаға сәйкес ресімделген инвестициялық жобаны іске асыруға өтінім.
- Мақсаттардың, функционалдылықтың, жоспарланған қызметтің, күтілетін әлеуметтік әсердің нақты сипаттамасын қамтуы тиіс бірлескен инвестициялық жобаның тұжырымдамасы.
- Эскиздік жоба.
- Жобаны қаржыландыру көздерінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері (ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірмелер, қаржы ұйымының уәкілетті органының қарыз қаражатын беру туралы шешімі, жасалған кредиттік келісім).
- Қағаз және электрондық тасымалдағыштарда (word, excel) қаржы-экономикалық моделі бар Бизнес-жоспар.
- №3.2 қосымшаға сәйкес инвестициялардың мәлімделген сомасын және әрбір конкурс бойынша жобаны сүйемелдеу үшін ай сайынғы төлемді қамтитын инвестициялық ұсыныс.
БІРІНШІ КЕЗЕҢ ҮШІН
№3 қосымша.
ФИРМАЛЫҚ БЛАНКІДЕ (БАР БОЛСА)
«Алматы» ӘКК» АҚ
Басқарма Төрағасына
Инвестициялық жобаны қарауға
ӨТІНІМ
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (БСН/ЖСН) атауы Сізге «Көлік-аялдама кешендерінде тапсырыстарды беру бекеттерінің құрылысы» конкурсының бірінші кезеңіне қатысу үшін құжаттар пакетін (электрондық форматта) қарау үшін жолдап отыр.
Бірінші басшы ТАӘ қолы, мөрі, күні
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ ҮШІН
№3.1. қосымша
ФИРМАЛЫҚ БЛАНКІДЕ (БАР БОЛСА)
«Алматы» ӘКК» АҚ
Басқарма Төрағасына
Инвестициялық жобаны қарауға
ӨТІНІМ
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (БСН/ЖСН) атауы Сізге «Көлік-аялдама кешендерінде тапсырыстарды беру бекеттерінің құрылысы» конкурсының екінші кезеңіне қатысу үшін құжаттар пакетін (электрондық форматта) қарау үшін жолда отыр.
Бірінші басшы ТАӘ қолыі, күні
мөр (болған жағдайда)
№3.2.қосымша
ФИРМАЛЫҚ БЛАНКІДЕ (БАР БОЛСА)
«Алматы» ӘКК» АҚ
Басқарма Төрағасына
Инвестициялық жобаны қарау жөніндегі өтінімге
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҰСЫНЫС
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (БСН/ЖСН) атауы Сізге «Көлік-аялдама кешендерінде тапсырыстарды беру бекеттерінің құрылысы» конкурсының екінші кезеңіне қатысу үшін қарауға талапсыз инвестициялық ұсыныс ұсынады
| рет№ |
Өтінім |
Көрсеткіш |
| 1. |
Бизнес-жоспарға сәйкес жоба бойынша инвестициялардың мәлімделген көлемі |
__________ млн.тг.-ден кем емес
|
| 2. |
Әрбір жер учаскесі үшін ҚҚС қоса алғанда, қоғамның атына жобаны сүйемелдеу үшін ай сайынғы төлем |
__________ мың.тг.-ден кем емес
|
№4 қосымша
Тапсырыстарды беру бекеттерді орналастыру мекенжайлары және саны
| № |
Атауы |
Мекен-жайы |
Кадастрлік нөмірі |
| 1 |
№7 қалалық аурухана (солтүстік) |
Райымбек 521/9 |
20-321-057-525 |
| 2 |
ҚазМУ (1) |
Көктем-2 1/19 ж/у |
20-313-007-454 |
| 3 |
«Атакент» ҚІӘО |
Тимирязев 42/35 |
20-311-014-818 |
| 4 |
Абай - Сейфуллин |
Абай 67/9 |
20-311-016-337 |
| 5 |
Абай – Момышұлы (1) |
Жетісу-4 17/5 ж/у |
20-312-054-570 |
| 6 |
Сайран а/в (2) |
Төле би 294/12 |
20-311-033-239 |
| 7 |
Райымбек/Назарбаев |
Райымбек 100/9 |
20-315-047-615 |
| 8 |
Республика Сарайы |
Абай 15/8 |
20-315-021-792 |
| 9 |
Тимирязев/Байтұрсынов |
Тимирязев 11/9 |
20-313-007-453 |
| 10 |
Байзақов к-сі |
Абай 109/30 |
20-311-014-564 |
| 11 |
Абай-Жароков (1) |
Абай 127/9 |
20-311-013-561 |
№5 қосымша
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
Алматы қ, «___» _______2025 ж.
Мен, ______________________, __________________жылы берілген жеке куәлік №______________,
«Алматы» ӘКК» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) дербес деректерді жинауға және өңдеуге (жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау, жаңарту, өзгерту, пайдалану) келісім беремін.
Бұл ретте мен дербес деректер субъектісі ретінде мынадай деректерді өңдеуге келісемін: тегім, атым, әкемнің аты; туған күнім; мекенжайым; отбасылық жағдайым; фотосуретім, төлқұжат деректерім: а) құжат түрі; б) құжаттың сериясы мен нөмірі; в) құжатты берген орган: - атауы; - коды; г) құжаттың берілген күні; д) жеке сәйкестендіру нөмірі; тұрғылықты жерді тіркеу мекенжайы; нақты тұрғылықты жердің мекенжайы; жынысым; байланыс телефонымның нөмірі; еңбек қызметім; отбасылық жағдайым туралы мәліметтер.
Осы Келісім 10 (он) жыл мерзімге беріледі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен қоғамға жазбаша өтініш жасау жолымен дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді кері қайтарып алу құқығын өзіме қалдырамын.
Менің жазбаша талабым бойынша дербес деректерді жою туралы хабарлама Қоғамның оқшауланған бөлімшесінің орналасқан жері бойынша маған (менің өкіліме) тапсырылатыны хабарланды.
Дербес деректер субъектісінің қолы:
________________________ҚОЛЫ ________________________КҮНІ
№6 қосымша
Әлеуетті серіктестерге арналған «Өз клиентіңізді біліңіз»
(KYC процедуралары) процедурасының сауалнамасы
Құрметті Өтініш беруші! Қазақстан Республикасының халықаралық стандарттары мен нормативтік актілеріне сәйкес «Алматы» ӘКК» АҚ (бұдан әрі мәтінде – Қоғам) Сізден осы сауалнамада сұралған ақпаратты алуға міндетті. Қоғам қол қойылған коммерциялық құпияны (құпия ақпаратты) таратпау туралы келісімге сәйкес алынған ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді. Сауалнаманың барлық өрістерін егжей-тегжейлі және адал толтыруыңызды сұраймыз. Қоғам сізге сауалнаманы толтырудағы түсіністік пен ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді.
| Жалпы ақпарат |
|
| 1. Заңды тұлғаның толық атауы |
|
|
| 2. БСН / ЖИН |
|
|
| 3. Тіркелген күні |
|
|
| 2. Заңды мекен-жайы |
|
|
| 3. Нақты мекен-жайы |
|
|
| 4. Аты-жөні / бірінші басшымен байланыс |
|
|
| 4. ФИО / орындаушымен байланыс |
|
|
| 6. Құрылтайшысы (аты-жөні) |
|
|
| 7. Ұйымдастыру-құқықтық формасы |
|
|
| 8. Қызмет түрі |
|
|
| 9. Сіздің ұйымыңызда филиалдар немесе өкілдіктер бар ма |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Меншік және басқару құрылымы |
| 10. Акционерлердің немесе бенефициарлық иелердің тізімін көрсетуді сұраймыз: |
| Акционердің/бенефициарлық иеленуші(лер)нің атауы |
% |
|
|
|
|
| 11. Басшылықтың тізімін көрсетуді сұраймыз: |
|
|
|
| 12. Акционерлік капиталға қатысу деңгейін көрсете отырып, еншілес компаниялардың/қатысу үлестерінің тізімін көрсетуді сұраймыз |
|
| Еншілес компаниялар / қатысу үлестері |
% |
|
|
|
|
Бірінші басшы
Аты-жөні Күні
№7 қосымша
«Алматы» ӘКК» АҚ деректемелері
«Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі:
551-1910-02-АҚ от 31.03.2011 ж., бастапқы тіркеу күні 27.08.2010ж.
Заңды мекен жайы: 050040, Алматы қ., Байзақов к-сі, 303.
СТН 600400621639
БСН 100840016104
Кбе17
Банк деректемелері: е/ш KZ676017131000030012, Қазақстан Халық банкі АҚ, БСК HSBKKZKX
info@spkalmaty.kz