Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы» ӘКК» АҚ (бұдан әрі-Қоғам).
Конкурстың мақсаты: «Жерасты паркингі бар көпфункционалды кешен құрылысы» бірлескен инвестициялық жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру үшін әлеуетті инвесторды айқындау.
Негізгі мақсаттарға мыналар жатады:
Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының басымдықтарына және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларға сәйкес жайлы қалалық орта құруды және полиорталықты дамытуды қамтамасыз ету мақсатында «Шығыс қақпасы» полиорталығын дамыту шеңберінде Түрксіб ауданындағы Қайрат ы/а орналасқан жер учаскесін игеру жөніндегі жобаны іске асыру үшін әлеуетті инвесторды/инвесторды айқындау бойынша бір кезеңдік конкурс өткізу қажеттігі туындады,
Сипаты:
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Қайрат ы/а мекенжайындағы жер учаскесі, № 297/4 учаске, жалпы ауданы-1,9798 га, кадастрлық нөмірі – 20-317-105-516 (бұдан әрі - Жер учаскесі).
Жобада мынадай нысаналы талаптар көзделген:
- Жобаны іске асыру үшін қажетті инвестициялардың ең төменгі көлеміне ЖК «ARDANA» тәуелсіз бағалау компаниясының 2025 жылғы 30 сәуірдегі №39 есебіне сәйкес 1 482 396 000 теңге сомасында жер учаскесінің бағалау құны, Қоғамның жер учаскесін беру күніне ҚР Ұлттық Банкін қайта қаржыландырудың базалық мөлшерлемесінен кем емес мөлшердегі инвестициялық табысы (сыйақысы) және ұсынылған алдын ала сметаға сәйкес жоба құнының 100 %-ын қамтиды;
- Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта құру (пандустар, лифттер, арнайы санитарлық үй-жайлар);
- Алматы қаласы әкімдігінің уәкілетті Басқармасының талаптарына сәйкес аумақты абаттандыру;
- Болашақ объектінің тұжырымдамасы мақсаттардың, функционалдылықтың, жоспарланған қызметтің және күтілетін әлеуметтік әсердің нақты сипаттамасын қамтуы керек.
- Көпфункционалды кешен мыналарды қамтуы керек, бірақ олармен шектелмеуі керек:
- Әкімшілік және коммерциялық үй-жайлар: жапсарласқан және жеке тұрған;
- Бизнес орталығы;
- Тұрғын пәтерлер;
- Қонақ үй;
- Тұрақ: жер асты/жер үсті.
- Жобаны іске асыру мерзімдері:
- Құрылыстың басталуы-2026 жылғы I тоқсан;
- Болжамды пайдалануға беру – 2027 жылғы III-IV тоқсан.
Конкурсты өткізу мерзімдері:
- әлеуетті инвесторларды іріктеу жөніндегі конкурстың жарияланған күні - 2025 жылғы 19 мамыр - 2025 жылғы 28 мамырды қоса (10 күнтізбелік күн);
- конкурсқа қатысуға өтінімдер конкурс жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қабылданады;
- конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау мерзімдері - өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күніне дейін;
- шешім қабылдау мерзімі - 1 (бір) жұмыс күні;
- конкурс жеңімпазы туралы хабарландыру - өтінімдерді қарау аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейді.
Іске асыру механизмі:
Қоғам мен инвестор арасында жобалық келісім жасасу арқылы жобаны бірлесіп іске асыру конкурстық негізде мынадай түрде жүргізілетін болады:
- Қоғам кейіннен жобалық келісім жасасу үшін әлеуетті жеке инвесторды анықтау мақсатында бір кезеңдік конкурс өткізеді.
Әлеуетті инвесторлардың (заңды тұлғалардың, консорциумдардың, дара кәсіпкерлердің) өтінімдерін Комиссия қарайды және біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда жобаның тұжырымдамасы, алдын ала эскизі, алдын ала сметасы, бизнес-жоспары, «кемінде» деген белгісі бар болжамды инвестициялар туралы ақпарат және жер учаскесінің нарықтық құнын негізге ала отырып, ЖК «ARDANA» тәуелсіз бағалау компаниясының 2025 жылғы 30 сәуірдегі №39 есебінде көрсетілген сомадан кем емес сомада, Қоғамның инвестициялық табысы (сыйақысы), жер учаскесін беру күніне ҚР Ұлттық Банкін қайта қаржыландырудың базалық мөлшерлемесінен кем емес мөлшерде, сондай-ақ алдын ала сметаға сәйкес жоба құнының 100%-ы ескеріле отырыпақшалай қаражаттың болуын құжаттамалық растау қаралады.
- Қоғам мен әлеуетті инвестор жобалық келісім жасайды, оған сәйкес:
2.1. Қоғамның үлесі - тәуелсіз бағалау компаниясы айқындаған нарықтық құны бар Жер учаскесі;
2.2. Инвестордың салымы - Жер учаскесін беру күніне ҚР Ұлттық Банкін қайта қаржыландырудың базалық мөлшерлемесінен және жоба құнының 100% кем емес мөлшерде Қоғамның инвестициялық табысын (сыйақысын) ескере отырып, Жер учаскесінің бағалау құнын негізге ала отырып, жобаны бірлесіп іске асыруға арналған ақшалай қаражат;
2.3. Инвестор өз қаражаты мен ресурстары есебінен Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді, жобаны іске асыру үшін барлық қажетті рұқсат құжаттамасын алуды қамтамасыз етеді, Құрылыс-монтаждау жұмыстарын және жоба бойынша объектілерді пайдалануға беруді жүзеге асырады;
2.4. Инвестор Жер учаскесін Қоғаммен келісім бойынша Жоба бойынша объектілер пайдалануға берілгенге дейінгі мерзімге кепілге бере отырып жобалау жұмыстары басталғанға дейін және рұқсат беру құжаттамасын алғанға дейін сатып алуды жүзеге асыруға міндетті, бірақ ол ҚР қолданыстағы заңнамасы, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының, Қоғамның уәкілетті органдарының шешімдерінің және жобалау келісімінің талаптары сақлған жағждайда, жобалау келісіміне қол қойылғаннан кейін 3 айдан кешіктірілмеуі тиіс. Осы талап сақталмаған жағдайда жобалық келісім бұзылғанға дейінгі санкциялар қолданылады.
2.5. Жер учаскесін төлеу бойынша бөліп-бөліп төлеу бір жылдан астам қолданылған жағдайда, Жер учаскесін сатып алу құнының кемінде 20 (жиырма) % мөлшерінде бастапқы жарнасы бар, төленбеген соманың қалдығына бөліп-бөліп төлеудің әрбір жылы үшін жылдық 7% (жеті) мөлшерінде қосымша индекстеу қолданылады.
Әлеуетті инвесторларды іріктеу және конкурс өткізу қағидалары
- Конкурс туралы хабарландыру
- Қоғам www.spkalmaty.kz сайтында Жобаны іске асыру бойынша серіктес ретінде әлеуетті инвесторды айқындау мақсатында ашық конкурс жариялайды;
- Өтінімдерді қарауды және конкурстың қорытындысын шығаруды ӘКК, «Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» КММ, «Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ, «Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» КММ және «Алматы Бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС өкілдерінің келісімі бойынша Қоғамның бұйрығымен құрылатын конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
- Конкурсқа өтінімдерді ресімдеуге және беруге қойылатын талаптар:
- Комиссияның өтінімді қарауы үшін әлеуетті инвесторға келесі ақпаратты көрсете отырып, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 6 қабат, 610 кабинет мекенжайы бойынша конкурс шарттарына №2 қосымшаға сәйкес құжаттардың түпнұсқалары бар мөрленген пакетті ұсыну қажет: Компанияның атауы, кері мекенжайы, конкурстың атауы. Құжаттардың электрондық көшірмесін «Жерасты паркингі бар көпфункционалды кешен салу жөніндегі бірлескен инвестициялық жоба үшін конкурс бойынша өтінім» хатының тақырыбымен info@spkalmaty.kz-ке жолдау қажет;
- Мөрленбеген, бүлінген немесе дұрыс ресімделмеген құжаттар пакеттері (конверт) қабылданбайды. Құжаттарды қабылдау туралы белгі қабылдау парағында ресімделеді;
- Егер өтінімді өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы өтініш Қоғамға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін келіп түскен жағдайда, Инвестор конкурсқа қатысуға өтінімді өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
- Конкурс қорытындысын шығару:
- Берілген өтінімдерді конкурстық комиссияның хатшысы қалыптастырады және конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен ашады;
- Конверттерді ашқаннан кейін берілген құжаттар туралы ақпарат хаттамалық түрде толтырылады. Барлық құжаттар болған және конкурс шарттарына және біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, конкурс шарттарына №1 және №2 қосымшаларға сәйкес хатшы өтінімді және құжаттар топтамасын конкурстық комиссияның қарауына жібереді;
- Ұсынылған құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда және өтінім біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда (№1 және №2 қосымшалар) комиссия хатшысы конкурстық өтінімді одан әрі қараусыз қабылдамау туралы мәселені Конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына шығарады;
- Конкурстық комиссия жіберілген өтінімдер бойынша құжаттарды қарайды, мәлімделген инвестициялар мен жоба тұжырымдамаларын салыстырады. Салыстыру арқылы Жобаны іске асыру үшін ақшалай қаражаттың жеткілікті сомасының болуын құжаттаған, сондай-ақ әкімшілік/қоғамдық ғимараттар мен туристік қызметтер экспортының бағытына сәйкес келетін тұжырымдаманы және Қоғамның инвестициялық табысының ең үлкен мөлшерін ұсынған жеңімпаз анықталады;
- Конкурстық комиссия жеңімпазды айқындау кезінде шешім шығару үшін қажет болуы мүмкін өзге де талаптар қоюға құқылы;
- Конкурстық комиссияның отырысын сырттай өткізуге немесе оның жекелеген мүшелерінің сырттай қатысуына жол берілмейді;
- Комиссия инвесторларға конкурстан өткені немесе өтпегені туралы хабарлама жібереді.
Конкурстық комиссия:
- ұсынылған өтінім бойынша шешім қабылдау үшін қажетті қосымша құжаттарды, ақпаратты сұратуға;
- конкурс шарттарына сәйкес келмейтін және өтінімдерді берудің белгіленген мерзімінен кейін конкурсқа қатысуға түскен өтінімдерді қабылдамауға;
- қайта жариялау кезінде конкурсқа қатысуға өтінімдер болмаған жағдайда конкурс шарттарына немесе біліктілік талаптарына өзгерістер енгізуге;
- конкурсқа қатысуға алынған жалғыз өтінімді қарау және ол конкурстың шарттарына (талаптарына) сәйкес келген кезде конкурсқа жіберуге;
- конкурс аяқталғанға дейін конкурс өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
Қоғам және / немесе Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың барлығын хабардар ете отырып, конкурс мерзімдерін біржақты тәртіппен ұзарту немесе өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Қоғаммен байланыс:
Кеңес алу үшін Байзақов көшесі, 303, 6 қабат, 618 кабинет мекенжайына хабарласуға болады.
Жауапты қызметкер – жобалармен жұмыс департаментінің бас менеджері – Евгений Мецгер, байланыс телефоны +7 701 342 99 00.
Қосымшалар:
- № 1 қосымша-біліктілік талаптары;
- № 2 қосымша-құжаттар тізбесі;
- № 3 қосымша-өтінім нысаны;
- №4 қосымша-инвестициялық ұсыныс;
- №5 қосымша-дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
- №6 қосымша-әлеуетті серіктестер үшін «Өз клиентіңді біл» рәсімінің сауалнамасы (KYC рәсімдері)
№1 қосымша
Әлеуетті инвесторларға қойылатын біліктілік талаптары
- Әлеуетті инвесторларды іріктеу жөніндегі конкурсқа өтініш берушілер үшін біліктілік талаптары:
- Жеке кәсіпкерді, заңды тұлғаны және консорциум мүшелерін (консорциум келісімі болған кезде) өтінім беру күнінің алдындағы кемінде 6 ай бұрын мемлекеттік тіркеудің болуы;
- Банкроттықтың және/немесе таратудың, оңалтудың ағымдағы рәсімдерінің болмауы. Өтінім берген сәтте Инвестор сот талқылауында тарап болып табылмайды, Инвесторға және оның мүлкіне атқарушылық іс жүргізілмеуі тиіс. Инвестор және оның басшылары, құрылтайшылары терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілмеуі тиіс;
- Қаржылық есептілікке сәйкес әлеуетті инвестордың немесе оның еншілес, үлестес кәсіпорнының өтінім беру күнінің алдында және соңғы 2 жылындағы және соңғы есепті кезеңіндегі залалсыз қызметі. Заңды тұлғаны тіркеу мерзімі 2 жылдан кем болған жағдайда ол тіркелген кезден бастап барлық кезеңдегі залалсыз қызметті көрсететін құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс;
- Салықтар және өзге де міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің, сондай-ақ қаржы ұйымдары алдындағы мерзімі өткен берешектің болмауы;
- Тиісті жылға бекітілген 10 000 АЕК мөлшерінде кепілдік қамтамасыз етуді ұсынылуы. Кепілдік қамтамасыз ету Қоғамның банктік шотына аударылады және егер әлеуетті инвестор одан әрі қатысудан бас тартса, қайтарылуы мүмкін. Әлеуетті инвестор жеңімпаз деп танылған және Қоғаммен шарттық қатынастар жасалған кезде кепілдік жарна инвестордың Жоба бойынша Қоғам алдындағы барлық міндеттемелері орындалғаннан кейін қайтарылуға жатады.
- Бірлескен инвестициялық жобаның бизнес-жоспары мен қаржылық моделінің болуы;
- Мақсаттардың, функционалдылықтың, жоспарланған қызметтің, күтілетін әлеуметтік әсердің нақты сипаттамасын қамтуы тиіс бірлескен инвестициялық жоба тұжырымдамасының болуы;
- Үй жайлардың алдын ала эскиздік жобасының және құрылыс жұмыстарының алдын ала сметасының болуы;
- Құжатпен расталған Жобаны іске асыру үшін бизнес-жоспарындағы сомадан кем емес сомадағы меншікті қаражатының немесе қарыз қаражатының болуы, сондай-ақ «ARDANA» ЖК компаниясының 2025 жылғы 30 сәуірдегі №39 тәуелсіз бағалау есебіне сәйкес Жер учаскесін беру күніне ҚР Ұлттық Банкін қайта қаржыландырудың базалық мөлшерлемесінен кем емес мөлшердегі Қоғамның инвестициялық табысы (сыйақысы) ескеріле отырғандағы және ұсынылған алдын ала сметаға сәйкес Жоба құнының 30% кем емес мөлшердегі меншікті қаражатының болуы.
№2 қосымша
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі
Әлеуетті инвесторларды іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- Конкурс шарттарына №3 қосымшаға сәйкес ресімделген инвестициялық жобаны іске асыруға өтінім;
- Заңды тұлғалар үшін - құрылтайшылар құрамын көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама; жарғы (барлық өзгерістермен және толықтырулармен); құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің, бірінші басшының жеке куәліктерінің көшірмелері; бірінші басшының қаржылық, заң құжаттарына және өкілеттіктерін растайтын өзге де құжаттарға қол қою құқығымен бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
- Жеке кәсіпкерлер үшін - жеке куәліктің көшірмесі, ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (егер ол міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын болса);
- Салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
- Салық декларацияларының көшірмелерін қоса бере отырып, соңғы 2 жылдағы және соңғы есепті кезеңдегі қаржылық есептілік (түпнұсқасы қағаз жеткізгіште және электрондық форматта);
- Әлеуетті инвестордың Бірінші кредиттік бюроның есебін алуға келісімі;
- Инвестордың үлестес тұлғаларының тізілімі;
- Кепілдік қамтамасыз етуді Қоғамның есеп айырысу шотына аудару туралы растайтын құжат;
- Жобаны қаржыландыру көздерінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері (ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірмелер, қаржы ұйымының уәкілетті органының қарыз қаражатын беру туралы шешімі, өзге де растайтын құжаттар);
- Жоба тұжырымдамасы және алдын-ала эскиздік жоба (қасбет және мақсатты үй-жайлардың дизайны);
- Құрылыс жұмыстарының алдын-ала сметасы;
- Қағаз және электрондық тасымалдағыштарда қаржы-экономикалық моделі бар Бизнес-жоспар (MS Word, Excel-де);
- Конкурс шарттарына №4 қосымшаға сәйкес ресімделген инвестициялардың мәлімделген сомасын және Қоғамның инвестициялық табысын қамтитын инвестициялық ұсыныс;
- Өтінімді қарау барысында Қоғам/Комиссия қосымша құжаттарды, ақпаратты сұратуға құқылы.
№3 қосымша
ФИРМАЛЫҚ БЛАНКІДЕ (БАР БОЛСА)
«Алматы» ӘКК» АҚ
Басқарма Төрағасына
Бірлескен жобаны қарауға
ӨТІНІМ
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (БСН/ЖСН) атауы Сізге «Жерасты паркингі бар көпфункционалды кешен құрылысы» конкурсына қатысу үшін құжаттар топтамасын (электрондық форматта) қарау үшін жіберіп отыр.
Бірінші басшы ТАӘ қолы, мөрі, күні
№4 қосымша
ФИРМАЛЫҚ БЛАНКІДЕ (БАР БОЛСА)
«Алматы» ӘКК» АҚ
Басқарма Төрағасына
Бірлескен инвестициялық жобаны қарау жөніндегі өтінімге ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҰСЫНЫС
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (БСН/ЖСН) атауы «Жерасты паркингі бар көпфункционалды кешен құрылысы» конкурсына қатысу үшін қарауға талапсыз инвестициялық ұсыныс ұсынады
| рет№ |
Өтінім |
Көрсеткіш |
| 1. |
Жоба бойынша инвестициялардың мәлімделген көлемі |
__________ млн.тг.-ден кем емес
|
| 2. |
Объекті құнының сомасынан Қоғамның атына инвестициялық кіріс (сыйақы) |
% |
Бірінші басшы
Аты-жөні
Күні
№5 қосымша
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
Алматы қ. «___» ________2025 ж.
Мен, ______________________, __________________жылы берілген жеке куәлік №______________,
«Алматы» ӘКК» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) дербес деректерді жинауға және өңдеуге (жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау, жаңарту, өзгерту, пайдалану) келісім беремін.
Бұл ретте мен дербес деректер субъектісі ретінде мынадай деректерді өңдеуге келісемін: тегім, атым, әкемнің аты; туған күнім; мекенжайым; отбасылық жағдайым; фотосуретім, төлқұжат деректерім: а) құжат түрі; б) құжаттың сериясы мен нөмірі; в) құжатты берген орган: - атауы; - коды; г) құжаттың берілген күні; д) жеке сәйкестендіру нөмірі; тұрғылықты жерді тіркеу мекенжайы; нақты тұрғылықты жердің мекенжайы; жынысым; байланыс телефонымның нөмірі; еңбек қызметім; отбасылық жағдайым туралы мәліметтер.
Осы Келісім 10 (он) жыл мерзімге беріледі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен қоғамға жазбаша өтініш жасау жолымен дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді кері қайтарып алу құқығын өзіме қалдырамын.
Менің жазбаша талабым бойынша дербес деректерді жою туралы хабарлама Қоғамның оқшауланған бөлімшесінің орналасқан жері бойынша маған (менің өкіліме) тапсырылатыны хабарланды.
Дербес деректер субъектісінің қолы:
________________________ҚОЛЫ ________________________КҮНІ
№6 қосымша
Әлеуетті серіктестерге арналған «Өз клиентіңізді біліңіз»
(KYC процедуралары) процедурасының сауалнамасы
Құрметті Өтініш беруші! Қазақстан Республикасының халықаралық стандарттары мен нормативтік актілеріне сәйкес «Алматы» ӘКК» АҚ (бұдан әрі мәтінде – Қоғам) Сізден осы сауалнамада сұралған ақпаратты алуға міндетті. Қоғам қол қойылған коммерциялық құпияны (құпия ақпаратты) таратпау туралы келісімге сәйкес алынған ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді. Сауалнаманың барлық өрістерін егжей-тегжейлі және адал толтыруыңызды сұраймыз. Қоғам сізге сауалнаманы толтырудағы түсіністік пен ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді.
| Жалпы ақпарат |
| 1. Заңды тұлғаның толық атауы |
|
| 2. БСН / ЖИН |
|
| 3. Тіркелген күні |
|
| 2. Заңды мекен-жайы |
|
| 3. Нақты мекен-жайы |
|
| 4. Аты-жөні / бірінші басшымен байланыс |
|
| 4. Аты-жөні / орындаушымен байланыс |
|
| 6. Құрылтайшысы (аты-жөні) |
|
| 7. Ұйымдастыру-құқықтық формасы |
|
| 8. Қызмет түрі |
|
| 11. Сіздің ұйымыңызда филиалдар немесе өкілдіктер бар ма |
|
|
|
|
|
|
| Меншік және басқару құрылымы |
| - Акционерлердің немесе бенефициарлық иелердің тізімін көрсетуді сұраймыз: |
| Акционердің/бенефициарлық иеленуші(лер)нің атауы |
% |
|
|
| - Басшылықтың тізімін көрсетуді сұраймыз: |
|
| - Акционерлік капиталға қатысу деңгейін көрсете отырып, еншілес компаниялардың/қатысу үлестерінің тізімін көрсетуді сұраймыз |
|
| - Еншілес компаниялар / қатысу үлестері |
% |
| |
|
| |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бірінші басшы
Аты-жөні
Күні