Вакансиялар

Егер сіз біздің корпорацияда жұмыс істеуге қызығушылық танытсаңыз, бізге дайын түйіндемені hr@spkalmaty.kz мекен-жайға жібере аласыз.

Реновация департаментінің бас менеджері

Жұмыс өтілі: кемінде 3 жыл
Жұмыс түрі: толық жұмысбастылық
Жұмыс кестесі: 5/2
Жұмыс уақыты: 8 сағат
Жұмыс форматы: жұмыс берушінің кеңсесінде

Міндеттері:

  • Реновация және жаңа жобалар шеңберіндегі инвестициялық қызметті басқару және үйлестіру;
  • Департаменттің жұмысын ұйымдастыру және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен реновация бойынша инвестициялық қызмет аясында өзара іс-қимыл жасау;
  • Департаменттің негізгі қызметі бойынша жұмыс және іс-шаралар жоспарын әзірлеу. Реновация бойынша бекітілген инвестициялық жобалардың паспорттарын, жол карталарын, жоспарларын және өзге де қажетті құжаттарды қалыптастыруға жәрдемдесу;
  • Реновациялық инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар мен іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау;
  • Өз құзыреті шегінде Қоғам қызметіне қатысты барлық ағымдағы мәселелер бойынша шешім қабылдау, жұмысты үйлестіру және басшылық ету.

Талаптар:

Білімі:

  • Жоғары экономикалық немесе заңгерлік білім;

Жұмыс өтілі:

  • Мамандығы бойынша кемінде 3 жыл;

Құзыреттер мен дағдылар:

  • Құжаттармен жұмыс істеу, іскерлік хат алмасуды жүргізу, инвестициялық шарттарды әзірлеу және олардың орындалуын бақылау дағдылары;
  • Компьютерлік сауаттылық: MS Office (Project, Excel, PowerPoint, Word) – сенімді пайдаланушы;
  • Internet, электрондық құжат айналым жүйесі Documentolog-пен жұмыс тәжірибесі.

Жұмыс шарттары:
• Жұмыс уақыты: 8:30-дан 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 12:30-дан 14:00-ге дейін.
• Жалдау түрі: Еңбек шарты арқылы.
• Әлеуметтік пакет: бар.

Инфрақұрылымдық жобалар департаментінің бас менеджері

Толық жұмысбастылық
График: 5/2
Жұмыс уақыты: 8 сағат
Жұмыс форматы: жұмыс берушінің орнында

Үміткерге қойылатын талаптар

  • білімі: жоғары, экономика, қаржы және менеджмент салаларында болғаны жөн;
  • жалпы жұмыс өтілі: қаржы саласында немесе функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 3 (үш) жыл;
  • мемлекеттік қызметте, ұлттық даму институттарында, қаржы ұйымдарында, консалтингтік компанияларда, әл-ауқат қорларында, коммерциялық ұйымдарда, корпоративтік қаржы саласындағы халықаралық компанияларда жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.

Бас менеджер білуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
  • Қоғамның даму бағыттары мен перспективаларын;
  • корпоративтік менеджмент негіздерін, компанияның қаржылық-экономикалық жағдайын талдауды;
  • компьютерлік сауаттылық: Microsoft Office, ЭҚЖ (электрондық құжат айналымы жүйесі) жұмысы;
  • ойды сауатты әрі дәлелді жазбаша жеткізе білу, қорытынды жасау, презентациялық дағдыларға ие болу;
  • тілдерді білу: қазақ, орыс, ағылшын – құпталады.

Міндеттері:

  • Қоғамның инфрақұрылымдық (жер учаскелері, жылжымайтын мүлік объектілері) және өзге де жобаларын (бұдан әрі – Жобалар) сүйемелдеу және ұйымдастыру;
  • Жобаларды құрылымдау бойынша ұсыныстар қалыптастыру, оларды Қоғамның уәкілетті органдарының отырыстарында таныстыру және қорғау;
  • қолданыстағы және жаңа Жобалар бойынша кездесулерге, келіссөздерге қатысу, Жобаларды іске асыру мақсатында мемлекеттік органдармен, сыртқы ұйымдармен өзара әрекеттесу;
  • Жоба бойынша досье дайындау;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне толық әрі уақтылы жауап беру, олардың жауап беру мерзімдерін бақылау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша кіріс құжаттарының орындалуы туралы апталық ақпарат қалыптастыру;
  • кәсіпкерлік субъектілерінің Жобалар бойынша жасалған келісімдер / шарттар талаптарына сәйкес шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу;
  • Қоғам қызметінің жалпы қағидаларын, этикалық нормаларды, іскерлік қарым-қатынас ережелерін сақтау;
  • Департамент директорымен берілген, лауазымға қатысты, еңбек заңнамасына және ҚР өзге де заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін тапсырмаларды орындау.

Жұмыс шарттары:

  • Жұмыс режимі: 08:30–18:00, түскі үзіліс 12:30–14:00
  • Жұмысқа қабылдау формасы: Еңбек шарты
  • Әлеуметтік пакет: бар

crossmenu