Қыркүйек 29, 2021

Алматыда қалпына келтіру бағдарламасы бойынша 10 тұрғын үй салынуда

Алматыда Тұрғын үй қорын қалпына келтіру бағдарламасы аясында 549 пәтерлік 10 жаңа тұрғын үй салынуда.

Жетісу ауданындағы Крылов-Скрябин-Гончаров-Райымбек учаскелерінде 304 пәтерлік, Казаков-Скрябин-Боткин-Райымбек учаскелерінде 183 пәтерлік 2 көп функционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы 40%-ға аяқталды. Сондай-ақ, Түрксіб ауданындағы Молдағалиев-Сауранбаев-Чернышевский-Толстой көшелерінің шаршысында 62 пәтерлік 3 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Мұнда тұрған тозығы жеткен үйлердің орнына заманауи тұрғын үйлер салынуда. Құрылыс аяқталғаннан кейін бұдан бұрын оларда тұрған тұрғындар жаңа пәтерлерге оралады.

Жаңа құрылыстар сейсмикалық төзімділікті ескере отырып және барлық заманауи стандарттарға сәйкес, оның ішінде, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігі мен өмір сүруінің ыңғайлылығымен жобаланған.
Жаңа тұрғын үйлерден басқа, аумақтарда халыққа қызмет көрсету нысандары, әлеуметтік нысандар салынады, жаңа желілер тартылады және қоғамдық кеңістіктер жайластырылады.

Құрылысты қаржыландыруды жеке инвесторлар жүзеге асырады.
Болашақ тұрғын үйдің жалпы ауданы 96 мың шаршы метрден асады. Алғашқы үйлер 2022 жылы пайдалануға беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Тұрғын үй қорын қалпына келтірудің 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген. Оны іске асыру аясында 708 тозығы жеткен үйді ауыстыру және олардың орнында 683 жаңа тұрғын үй салу көзделген.

crossmenu