Маусым 14, 2022

«LocoMarket» желісінің 3 сауда павильоны «LocoMarket-Pavilon» деп өзгертіледі

Ребрендинг әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру жөніндегі Алматы ӘКК-мен ынтымақтасатын дүкендерге ғана қатысты болады.
Сауда павильондарындағы ӘМАТ бағасын тұрақтандыру мәселелерін талқылау бойынша кездесу барысында бірлескен шешімге Алматы ӘКК және «Fruit Export» ЖШС өкілдері келді.

Көрсетілген дүкендерде ұсынылған төмендетілген бағалар бойынша бүгінде ӘМАТ-ның барлық дерлік тізімі (15-тен астам атау) сатылады.

«LocoMarket-Pavilon» мекенжайлары:

  1. Бұқар жырау бульвары, 64Б
  2. Алмагуль, 1 ш/а (Жароков және Ходжанов көшелерінің қиылысы)
  3. Бостандық ауданы, Марков көшесі, 49/1, Тимирязев көшесінен
    жоғары.

Дүкендердің толық ребрендингін 2022 жылдың 30 маусымында аяқтау жоспарланған.

crossmenu